Activities calendar

03 October 2016

«Жолың болсын, түлек!»

29.06.2016 жылы сағат 15:00 Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік униерситетінің бас ғимаратының акт залында «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің бітіруші түлектеріне диплом табыстау іс-шарасы өткізілді. Мерекелік іс-шараға Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік униерситетінің оқу ісі және инновациялық технологиялар жөніндегі проректоры Байболов Қанат Сейтжанович, факультет деканы Орынтаев Жамбыл Қылуетұлы, декан орынбасарлары Бекбосынов Ермек Туленович, Джумадилов Бахыт Джорабекович пен топ тәлімгерлері және бітіруші түлектер қатысты. Университет басшылығы түлектерге көптен күткен дипломдарын табыс етіп, болашаққа бастаған қадамдары ақ болып, сәтті сапар тіледі...

«Шымкент Жаздық университет/Shymkent Summer University-2016» Халықаралық Жаздық мектептерінің салтанатты ашылуы туралы

2016 жыл 13-ші  маусым  күні    М.Әуезов атындағы  ОҚМУ-де «Шымкент Жаздық университет/ Shymkent  Summer University2016 »  Халықаралық Жаздық  мектептерінің   салтанатты ашылуы  болып өтті. Шымкент Жаздық университет/ Shymkent  Summer University2016 »  Халықаралық Жаздық  мектептерінің   салтанатты ашылуына  Оқу -ісі және ақпараттық технологиялар жөніндегі проректоры  Қ.Байболов, Латвия ауылшаруашылық  университетінің профессоры Анита Блиджа, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры Е.Ефимова,  «Химиялық инженерия және биотехнология» Жоғары мектебінің деканы А.Болысбек, «Тоқыма және тамақ инженериясы» Жоғары мектебінің деканы Н.Ботабаев, «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің деканы Ж.Орынтаев, Халықаралық Жаздық мектептердің лекторлары, үйлестірушілері,тыңдаушылар қатысты...

Еңбек нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз етуде кәсіби бағдар беру

25.05.2016 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің «Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасы Абай ауданында орналасқан №4 Халил Досмухамедов атындағы орта мектебінде бітіруші түлектердің соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасына қатысып, болашақта мамандық таңдауға байланысты, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп қайтты...

Алматы қ. АҚШ – ның Бас Консулы Марк Мудидың М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі іс - сапары

2016 жыл мамыр айының 6 – шы жұлдызында Алматы қаласындағы АҚШ – ның Бас консулы Марк Муди М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне іс сапармен келді. Іс – сапардың мақсаты университет қызметімен танысып, «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің студенттерімен кездесу болды. Студенттермен кездесу барысында Марк Муди мырза өзінің дипломатиялық мансабы туралы және де шет елдеріндегі, сонымен қатар Қазақстандағы жұмыс тәжірибесі туралы айтып өтті. Әңгімелесу барысында оқуға виза алу мәселесі талқыланды...

Индонезия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Фостер Гултом Шымкент қ. М. Әуезов атындағы ОҚМУ- дегі іс – сапары

2016 жыл сәуір айының 18-ші жұлдызында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне ресми іс-сапармен Қазақстан Республикасындағы Индонезия Республикасының  Төтенше және Өкілетті елшісі Фостер Гултом келді.Іс – сапар барысында Фостер Гултом мырза университет ректорымен Мырхалықов Ж.Ү. кездесті.Кездесу барысында Индонезияның ЖОО - рымен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерді мен болашағы талқыланды...

Германия Федеративтік Республикасының Бас консулының М. Әуезов атындағы ОҚМУ- дегі сапары

2016 жыл сәуір айының 14-ші жұлдызында Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы доктор Ренате Шимкорайт басшылығымен  Қазақстанда жұмыс жасайтын неміс компания өкілдері Шымкен қаласы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне  ресми іс сапармен келді. Іс-сапардың мақсаты -   М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің басшылығымен және қызметімен танысу, М. Әуезов атындағы   ОҚМУ-і мен Германия Федеративтік Республикасының ЖОО арасындағы білім білім және ғылым саласы бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылау болды...

Криминалистиканың білімдарлары

29 наурыз 2016 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Казақстан мемлекеттік университетінің «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің студенттері Алматы каласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Криминалистиканың білімдарлары» атты конкурсқа қатысып, жүлделі 3 орынды иеленіп қайтты...

Жас оқытушыларға арналған оқыту әдістемелік семинары

14 наурыз 2016 жылы «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің оқытушыларына «Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасының доценті Ким Элина Павловна М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің академиялық мәселелері бойынша Департаментімен ұйымдастырылған жас оқытушыларға арналған  оқыту әдісетемлік семинар бағдарламасымен мастер-класс өткізілді...

«Кел студент, Донор бол!»

17.02.2016ж. күні, сағат 09.00-12.00 аралығында «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің ОПҚ және белсенді студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 игі іс» аясында «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облыстық Қан орталығында «Кел студент, Донор бол!» атты акциясын өткізді...