Басты бет

Алғаш рет «Құқықтану» мамандығы бойынша абитуриенттерді 1998 жылы «Педагогика және өнер» факультеті қабылдай бастады. 1998-2001 жылдары арасында   факультетті тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Саипов басқарды.

«Құқық негіздері» мамандығы бойынша 2002 жылға дейін философия ғылымдарының докторы, профессор Н.Р.Мусаева басқарған «Философия және құқық» кафедрасы мамандарды даярлады.

2001 жылдан бері «Құқықтану» факультеті М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дербес құрамдас бөліміне айналды. 2001-2002 оқу жылында факультетті тарих ғылымдарының кандидаты, доцент С.Н.Әлібек басқарды.

2002-2005 жылдар аралығында факультетті заң ғылымдарының кандидаты, доцент Б.А.Бекзатов басқарды. Осы жылдары деканның орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент И.Е.Ефимова, «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Е.К. Нуртазин басшылық жасап, факультет дамуына қомақты үлес қосты.

2006-2009 жылдар аралығында факультет деканының қызметін заң ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Т.Битемиров атқарды. 2006 жылы факультет атауы «Заңтану және халықаралық қатынастар» болып өзгертілді.

2009-2015 жылдан аралығында факультетті заң ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Р.Сарықұлов басқарды.

2015-2016 оқу жылынан бастап факультет деканының қызметін заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Қ. Орынтаев атқарып келеді.

Факультет бакалавриат бағдарламасы негізінде 5B030100-Құқықтану, 5В020200-Халықаралық қатынастар, 5В030400-Кеден ісі, 5В011500-Құқық және экономика негіздері мамандықтары бойынша білікті мамандар даярлайды.

2002 жылдан бастап факультет 6М020100-Философия, 2003 жылыдан 6М050200-Саясаттану, ал 2009 жылдан 6М030100-Заңтану мамандықтарының профильдік және ғылыми-педагогикалық бағыттары бойынша магистранттарды оқытады.

Факультет студенттерінің әскери кафедрада оқуға және академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса отырып шет елдердің жоғарғы оқу орындарында бір семестрді оқып келуге мүмкіндіктері бар.

Факультеттің материалдық базасы айтарлықтай, мақтанышқа тұратын «Сот мәжілісінің залы» атты пәндік қабинетте қылмыстық және азаматтық іс істер бойынша ойын негізінде сот процесстері өтеді. Бұған қоса Шымкент қаласы аудандық соттарының көшпелі, көрнекті сот мәжілістері өткізіледі. Сондай-ақ, факультетте мамандырылған   криминалистика кабинеті жұмыс істейді. Оның жабдықтары тергеу қарауында, тінтуде, алуда және тергеу эксперименттерде қолданылатын арнайы криминалистік құралдарды тәжірибелік түрде пайдалануға студенттерге үлкен мүмкіндіктерді береді. 

Факультет бітірушілері өз мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер министірлігінде, әділет министірлігінде, білім және ғылым министірлігінде, сот және прокуратура органдары, кеден органдары мен басқада құқық қорғау органдарында қызмет етеді.

«Халықаралық қатынастар» мамандығын бітіргендердің негізгі жұмыс орындары болып Қазақстан Республикасының шетелдер ісі министірлігі, облыстар, аудандар, қалалардың ішкі саясат департаменттері, басқада мемлекеттік және жеке меншік мекемелері мен ұйымдары болып табылады. Факультеттің кейбір бітірушілері өздерінің білімдерін «Болашақ» бағдарламасы бойынша Батыс Европа, Америка, Канада, Ұлыбритания және басқада мемлекеттерде жалғастыруда.

«Заңтану» мамандығының магистранттары Халықтар достығы Ресей университетінде (Ресей, Москва қ.) ТМД Желілік университеті Консорциумы шегінде «Халықаралық құқық» мамандырылуы бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда.

Заңтану және халықаралық қатынастар факультетінің деканы,

Орынтаев Ж.Қ