1-қыркүйек – «Білім күні»

     

04.09.2017ж. күні, сағат 09.00–12.00 аралығында М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Қызғалдақ» су бұрқағында 1-қыркүйек – «Білім күні» салтанатты іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шарада М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың басшылық құрамы 1-курс студенттері алдында кезекпен сөз алып, жаңадан келіп түскен студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, құттықтау сөздер айтты.

Сонымен қатар іс-шара ары қарай I-курс студенттеріне арналған «Ант беру» рәсімі, концерттік шоу бағдарламамен және жастардың би думанымен жалғасын тапты.