1-қыркүйек – «Білім күні»

 

    03.09.2018ж. күні, сағат 09.00–12.00 аралығында М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Қызғалдақ» су бұрқағында 1-қыркүйек – «Білім күні» салтанатты іс-шарасы өтті.

    Аталған іс-шарада М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың басшылық құрамы 1-курс студенттері алдында кезекпен сөз алып, жаңадан келіп түскен студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, құттықтау сөздер айтты.

    Сонымен қатар іс-шара ары қарай I-курс студенттеріне арналған «Ант беру» рәсімі, концерттік шоу бағдарламамен және жастардың би думанымен жалғасын тапты.