15-сәуір «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» күніне орай «Бозбала мен Бойжеткен» атты М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың дәстүрлі факультетаралық байқауы

  

      19.04.2017ж. күні "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің ОПҚ және студенттері Облыстық жастар ресурстық орталығы «Акт залында» 15-сәуір «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» Ғашықтар күніне орай «Бозбала мен Бойжеткен» атты М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың дәстүрлі факультетаралық байқауын тамашалады. 

      Аталған байқауға "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің намысын қорғап, ЮМ-16-1к7 тобының студенті Құдайбергенова Салтанат Құдайбергенқызы және ЮМ-16-1к5 тобының студенті Жуматаев Жасурбек Умаралиұлы қатысты.

      Аталған байқау II-турдан тұрды:

     I-тур: Таныстыру сайысы;

     II-тур: Сахналық көрініс.

      Байқаудың қорытындысы бойынша: "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің «Шын ғашықтар» жұбы (ЮМ-16-1к7 тобының студенті Құдайбергенова Салтанат Құдайбергенқызы және ЮМ-16-1к5 тобының студенті Жуматаев Жасурбек Умаралиұлы) 15-сәуір «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» Ғашықтар күніне орай өткен «Бозбала мен Бойжеткен» атты М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың дәстүрлі факультетаралық байқауының I-орнын жеңіп алды.