16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты концерт

   

       14.12.2016ж. күні, сағат 11.30–13.30 аралығында "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің ОПҚ және белсенді студенттері М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Бас ғимаратының «Акт залында» 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты концерттік бағдарламасын тамашалады.

       Іс-шараның басында, барлық жиынға қатысушылардың хорымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік ән ұраны азаматтық-патриоттық рухта шырқалды.

   

        Сонымен бірге аталған іс-шарада М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың әртүрлі бағытындағы тәрбиелік қоғамдық іс-шараларында ат салысып, түрлі байқауларда жүлделі орындарға ілініп жүрген ОПҚ мен белсенді студенттер М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ректоры Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлының қолынан Дипломмен, Алғыс Хатпен және ақшалай сыйақылармен марапатталды.

       Соның бірі «Қоғамдық кәсіптер факультетінің» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен Факультетаралық «Жас Талант - 2016» байқауында «Кеш жүргізушілер» жанры бойынша көрсеткен ең үздік өнері үшін "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің «СӨӨБ СК» СД ТІЖ орынбасары, ЮМ-16-1к5 тобының студенті Жуматаев Жасурбек Умаралиұлы Бас жүлде Дипломымен марапатталды.