«Адам. Қоғам. Құқық» және «Дүние жүзі тарихы» пәндерінен пәндік олимпиада өтті

«Адам. Қоғам. Құқық» және «Дүние жүзі тарихы» пәндерінен пәндік олимпиадасы

 

    «Жастар жылы» аясында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті ұйымдастыруымен 2019 жылы 19-20 наурызда  Түркістан облысы және Шымкент қаласының мектеп бітіруші түлектері арасында «Адам. Қоғам. Құқық» және «Дүние жүзі тарихы» пәндерінен пәндік олимпиада өтті.    Олимпиаданың мақсаты – жастар арасында «Құқықтану» мамандығының маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру; мамандыққа деген қызығушылықты арттыру; бәсекеге қабілетті жастарды ынталандыру; жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру.

    Пәндік олимпиадаға Шымкент қаласынан 35, Түркістан облысынан 36, барлығы 71оқушы   қатысты. Олимпиада 3 кезеңнен өтті бірінші тест тапсырмаларын шешу, екінші кезең арнайы билет сұрақтарына жазбаша жауап беру, үшінші кезеңде тақырыптық эссе жазу және қорғау. Қатысқан үміткерлерден бірінші турдан өткені 26,екінші турдан өткені 

   1-ші орын иеленген жеңімпазМ. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша, Түлкібас ауданының №18 Қ.Жандарбеков орта мектебінің бітірушісі Тажибаев Сардар Эргашұлынаүздік білім көрсеткені үшін 4 жылға «Университет грантын» білдіретін І дәрежелі дипломтапсырылды.

   2-ші орын алған  Сарыағаш ауданы №3 М.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің бітірушісі Жақыпбек Мирас Талғатұлына4 жыл оқу ақысына 75пайыз жеңілдік білдіретін ІІ дәрежелі диплом табысталды.

   3-ші орын алған Шымкент қаласының №79 жалпы орта мектеп бітірушісі Мансұр Азамат Жандосұлы4 жыл оқу ақысына 50 пайыз жеңілдік білдіретін ІІІ дәрежелі диплом табысталды.

          Бұл марапаттауларМ. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  ректоры Дария Пернешқызы Қожамжарованыңқолдауымен жүзеге асырылды.

          Қалған қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар берілді.