Алматы қ. АҚШ – ның Бас Консулы Марк Мудидың М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі іс - сапары

2016 жыл мамыр айының 6 – шы жұлдызында Алматы қаласындағы АҚШ – ның Бас консулы Марк Муди М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне іс сапармен келді. Іс – сапардың мақсаты университет қызметімен танысып, «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің студенттерімен кездесу болды. Студенттермен кездесу барысында Марк Муди мырза өзінің дипломатиялық мансабы туралы және де шет елдеріндегі, сонымен қатар Қазақстандағы жұмыс тәжірибесі туралы айтып өтті. Әңгімелесу барысында оқуға виза алу мәселесі талқыланды. Іс – сапар барысында Алматы қаласындағы АҚШ – ның Бас консулы Марк Муди университет басшылығымен кездесіп, АҚШ университеттерімен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың алдағы мүмкіндіктерімен  басымдықтары талқыланды.