Арақ, темекі – қасірет көзі

    

         2016 жылы қазан айының 19-ы күні сағат 11.00–12.00 аралығында М.Ауезов атындағы ОҚМУ-дың "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің «Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, «Арақ, темекі – қасірет көзі!» атты «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті студенттерінің, жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру мақсатындағы дөңгелек үстел өтті

.

          Студенттерге арақ, нашақор және темекінің зияндығын түсіндіру мақсатында, Шымкент қаласындағы Наркологиялық орталықтан дәрігер-нарколог Камирова Асель Тагаевна шақырылды.