«Ата заң тәуелсіз елдің тұғыры» атты «ҚР Конституциялық құқығы» пәнінен студенттік пәндік олимпиадасы

03.11.2016ж. күні, сағат 10.30–18.00 аралығында М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың  «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің «Конституциялық, кеден және халықаралық құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ата заң тәуелсіз елдің тұғыры» атты «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» пәнінен студенттік пәндік олимпиадасы өтті.  

   

Олимпиаданың негізгі мақсаты және міндеті: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын насихаттау, дарынды студенттерді анықтау және қолдау көрсету, білімді насихаттау және ЖОО студенттерінің шығармашылық қабілеттілігін дамыту болып табылды.

Олимпиаданы ұйымдастыру, дайындық, олимпиаданы өткізу және қорытынды кезеңдерден тұрды. Олимпиаданы өткізілу кезеңі 3 турды қамтыды. Олимпиаданың ресми сайты: www.ukgu.kz болды. 

    

Олимпиадаға ОҚМУ-нің және басқа ЖОО-ның 2,3,4 курс студенттері қатысты.

Қатысуға үміткер құрама студенттері тіркеуден өтуге міндеттелді.

Командалардың құрамы бес студенттен құралды.

Олимпиаданың нәтижесінде «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің белсенді студенттерінің атынан "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің аға тәлімгері Ибраев Жандос Ғабитұлының ғылыми жетекшілігімен қатысқан «Заңгер» командасы М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Бірінші проректоры Айменов Жамбыл Талхаұлының қолынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ата заң тәуелсіз елдің тұғыры» атты «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» пәнінен студенттік пәндік олимпиадасының III-дәрежелі Дипломымен марапатталды.