Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу

 

Кафедра меңгерушісі

Елікбай Мақсат Әбдімүталіпұлы

Заң ғылымдарының кандидаты

 

 

Мекен-жай: Шымкент қаласы , Тәуке-хан даңғылы  5 ,бас ғимарат , 161 кабинет
Телефон: 8(7252)30-09-75
E-mail: max_elikbai@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Түзету әрекеттерінің жоспары

Жалпы мәліметтер , кафедра тарихы

2003 жылы «Құқықтану» кафедрасының негізінде «Азаматтық құқық» кафедрасы құрылды. Бұл кезде кафедраға  з.ғ.қ. доцент  З.С.Төлеген  меңгерушілік жасады .2007 жылдың  тамыз айында кафедра меңгерушісі болып з.ғ.қ Исмаилов А.А. тағайындалды.2009 жылдың тамызында  университет ректорының бұйрығымен «Азаматтық құқық» кафедрасы  мен «Кеден ісі» кафедрасы бірігіп «Азаматтық құқық және кеден ісі» кафедрасы құрылды. Бұл жылы кафедраны  з.ғ.к.доцент Д.Б.Назарбекова басқарды.
2010 жылдың  тамыз айында «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультет құрылымының өзгеруіне байланысты «Азаматтық және кеден ісі» кафедрасынан  «Кеден ісі»  мамандығы бөлініп шығып . «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» болып қайта құрылды.Қазіргі таңда  кафедра  меңгерушісі з.ғ.к Елікбай Мақсат Әбдімүтәліпұлы . Кафедрада  профессор –оқытушылар жұмыс атқаруда.Оның ішінде  8 ғылым  кандидаты . соның ішінде , з.ғ.к. доцент Орынтаев Ж.Қ.  з.қ.к . , доцент Ж.С.Қалқанова з.ғ.к. Рахметова Г.Р. , з.ғ.к Қуанышбаева С.О. з.ғ.к. Нурымбетов А.А. з.ғ.к. Елікбай М.А. , п.ғ.к. , З.Е.Паметов., Исмаилов А.А. Сонымен қатар  қазіргі таңда 6 магистр қызмет атқарады.
Кафедраның негізгі мақсаты мен бағыты -5В030100-«құқықтану» мамандығын оқып жатқан студенттерге азаматтық құқықтық пәндер мен еңбек құқығы саласындағы заңнамалар мен нормативтік құқықтық актілерді өмірде дұрыс қолдана білуге үйрету болып табылады. Кафедра профессор-оқытушылар құрамының басты мақсаты- қазіргі заман талабына сай, білікті заңгер мамандарды дайындап шығару.

Жұмыс бағыты

Арнайы курс бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, сонымен қатар түрлі пәндер бойынша жұмыс  бағдарламаларына типтік бағдарламалар негізінде  өзгертулер мен толықтырулар енгізу.
-Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына , оқу танысу , өндірістік жәе дипломды іс-тәжірибелеріне жетекшілік ету.
-Кафедрадағы пәндердің кешенді әдістемелік  қамтамасыз етілуін қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асыру.
-Оқытушылардың ғылыми –зерттеу жұмыстарына , ғылыми- әдістемелік семинарларына қатысуы.
-Студенттердің тәрбие жұмысы академиялық оқу топтарында тәлімгерлік жұмыстар жүзеге асырылады.

Тәрбие жұмыстары

Патриотизмді дамыту Ұлы Отан , ауған соғыстарының ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыру , Отан сүйгіштік , ұлтжандылық қасиеттерді студенттердің бойына сіңіру.
Құқықтық мәдениет Қазақстан құқықтық мәдениет . Студенттерді құқықтық тәрбиелеу , ішімдікпен темекі , нашақорлық пен нәпсі құмарлық сияқты жаман әдеттерден бойды аулақ ұстауға үйрету.
Рухани ұлттық тәрбие  Ата – бабамыздың салып кеткен сара да дара жолын ұстанып , болашаққа сенімді қадам бастау үшін жас ұрпақ санасына ұлттық үрдісті сіңіру. Студенттердің ғылыми  зертеуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында кафедраның оқытушы құрамының жетекшілігімен әртүрлі өзекті тақырыптарда студенттік канференцияларды жылына 2 рет өткізіп тұрады.Жас ғылыми ізденушілер өздерін толғандырып жүрген мәселелерді кафедраға келіп талқылай алады.Сонымен қатар , студенттердің өздері оқып жатқан университетінің аумағында тазалықты сақтау мақсатында сенбіліктер ұйымдастырылып , факультет басшыларының  жетекшілігімен өткізіледі.Бұл қоғамдық іс-шарада  оқушылыармен студенттер “Заңтану мен халықаралық қатынастар” факультетіне қарасты  берілген территорияларды яғни университетіміздің алдыңғы аумағын алып жатқан жерлерді толыққанды қоқыстан тазалау жіне дұрыс қалыпқа келтіру сияқты көптеген жұмыстар атқарылды.Бұл сенбілік жұмыстары жалпылама факультет  студенттің қандайда болмасын  қоғамдық  жұмыста болмасын белсенділігін , рухани патриоттық бірлігін жоғары деңгейде көрсетті.
Оқу жылынын басында кафедра оқытушыларына тәлімгерлік топтар бекітіледі.
Жыл басында тәрбие жұмысы негізінен ұйымдастыру сипатында болады.Оқу жылында тәлімгерлермен білім беру , демократияны дамыту , жастар саясатын жүзеге асыру салаларында мемлекеттік саясат басымдықтарын үгіттеуге бағыттауға шаралар жүргізіледі.Кафедрада бірінші курсттың тәрбие жұмысына ерекше мән беріледі.Бірінші курс тәлімгер ретінде тәжірбиелі оқытушы бекітілген . Кафедра студенттердің жан-жақты дамуына үлкен мән береді.студенттердің ғылыми ойлау қабілеттерін жетілдіру мақсатында «Әділет» атты ғылыми-студенттік қоғам қызмет етеді.Қоғам отырыстарында заманауи өзекті экономикалық, құқықтық мәелелер талқыға түседі.Студенттер кафедраның , факультеттің және университеттің өміріне белсенді қатысады.

Кәсіби бағдар беру жұмысы

Кәсіби бағдар беру – жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайынауға бағытталған іс – әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері , жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс  , шаруашылық салаларының даму міндеттеріне оның нарықты экономика жағдайындағы роліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Кәсіби  бағдар беру бойынша кафедрамыздың оқытушылары жергілікті мектептерге барып заң мамандығын  таңдау бойынша түсіндірулер жүргізеді.