Болон үрдісі және академиялық ұтқырлық тұжырымдамасы

 

 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің ОПҚ және белсенді студенттері «Болон үрдісі және академиялық ұтқырлық тұжырымдамасы» оқыту семинарына белсенді қатысты.

2016 жылдың 19-23-ші қыркүйек күндері  аралағында  өткізілетін «Құқықтану және халықаралық қатынастар» факультетінің жас оқытушыларына  арналған  «Болон үрдісі және академиялық ұтқырлық  тұжырымдамасы» оқыту семинары өз жұмысын бастады.

Семинар барысында тыңдаушылар Еуропалық Одақ білім жүйесінің тәжірибесімен, Болон  үрдісінің ерекшеліктерімен және халықаралық кредиттік ұтқырлықты (ХКҰ) әкімшіліктендіру процедураларымен танысады,  ХКҰ нәтижесінде алынған ECTS негізіндегі  кредиттерді мойындау процедурасындағы  тосқауылдар мен мәселелер талқыланады, академиялық ұтқырлықты  жетілдіру және оның сапасын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар анықталынады.