Денсаулық» бағдарламасы бойынша және Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған XI спартакиадасы

        19.10.2017ж. - 27.10.2017ж. күндері аралығында, күнделікті сағат 10.00 – 16.00 аралығында, ОҚМУ-дың №12 оқу ғимаратының «Денсаулық» спорт кешенінде "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің I-курс студенттері М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Денсаулық» бағдарламасы бойынша және Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған 1 курс студенттер арасында факультетаралық 2017-2018 оқу жылындағы XI спартакиадасына белсенді қатысты. 

     

         

           М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Денсаулық» бағдарламасы бойынша және Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған 1 курс студенттер арасында факультетаралық 2017-2018 оқу жылындағы XI спартакиадасының ЕРЕЖЕСІ төмендегідей болды:

Мақсаты мен мүддесі:

1. Дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау;

2. Адам өміріне қатерлі әдеттерге қарсылық;

3. Студенттердің дене шынықтыру мен спортқа қызығушылығын арттыру;

4. Жарыс жеңімпаздарын анықтау болды.

II. Жарыс басшылығы:

Жарысқа дайындалу мен өткізудің жалпы басшылығын ОҚМУ-дың Спорт клубының төрағасы Таиров Ю.А. атқарды.

Жарыстың бас төрешілігі міндетін дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Қ.С. Сиқымбаев атқарды.

Жарыстар әр спорттың бекітілген ережелеріне сәйкес өткізілді.

Жалпы жарыс өтілуіне «АЗЭмаманд.арналған дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі Сихымбаев Қ.С. жауапты болды.

Кафедра бойынша спорттық іс-шаралар жұмысына жауапты Утебеков Е.М. болды.

III. Жарысты өткізудің жүйесі мен мерзімі

Ашылу салтанаты 19.10.17 ж. сағат 12.00 «Денсаулық» спорт кешенінде өтті.

Жабылу салтанаты 27.10.17 ж. сағат 14.00 «Денсаулық» спорт кешенінде өтті.

М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Денсаулық» бағдарламасы бойынша және Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған 1 курс студенттер арасындағы факультетаралық 2017-2018 оқу жылындағы XI спартакиадасының нәтижесінде "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің студенттері командалық есепте II-орынды алды. Жекелей спорттың түрлеріндегі көрсеткіштеріміз төмендегідей:

ФУТБОЛДАН III-орын иеленді.

ҚОЛ КҮРЕСТЕН III-орын иеленді.

БАСКЕТБОЛДАН (ұлдар) II-орын иеленді.

Президенттік сынама II-орын иеленді.

БАСКЕТБОЛДАН (қыздар) I-орын иеленді.