Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері

 

           29.09.2017ж. күні сағат 10.40–12.00 аралығында М.О.Әуезов атындағы     ОҚМУ-дың Бас ғимаратының №340 дәрісханасында "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері» атты тақырыбында студенттермен тәрбиелік кездесу іс-шарасы өтті.   

         Университеттен тыс шақырылған және сөз алған қонақтар:

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат және діни істер басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығы» Мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бөлім басшысы Халықов Медет Мұзаппарұлы.

          Тәрбиелік іс-шараның негізгі мақсаты: Студенттерді терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық туралы ақпараттандыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелерін студент жастармен талқылап ескерту болып табылды.