Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мәні және оны оқу үрдісіне енгізу қажеттіліктері

       2018 жылы қарашаның 6 күні «Философия және мәдениеттану»  кафедрасында  2018-2019 оқу жылының  ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң  75 жылдығына орай «Елбасы   Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының  мәні және оны оқу үрдісіне енгізу қажеттіліктері» атты ғылыми семинар болып өтті. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын оқу үрдісіне енгізудің мақсаты -  «Ұлттың кодын» күшейту, яғни өзге елден ерекшелеп тұратын дәстүр-салтымыз, әдет-ғұрпымыз, діни ұстанымымыз, білім-ғылымымызды сақтай отырып, Қазақстанның әрбір азаматының бойында осы елдің жеріне, тіліне деген шексіз құрметімізді қалыптастыру мәселесі екендігі айтылды.