Еңбек нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз етуде кәсіби бағдар беру

25.05.2016 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің «Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасы Абай ауданында орналасқан №4 Халил Досмухамедов атындағы орта мектебінде бітіруші түлектердің соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасына қатысып, болашақта мамандық таңдауға байланысты, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп қайтты.Кәсіби бағдар беру барысында буклеттер, мамандықтар бойынша мәліметтері бар барлық материалдарды тарқатып, оқушылардың ата-аналарымен сұхбаттасып, М.Әуезов атындағы ОҚМУ таңдаудағы мүмкіндіктермен таныстырып қайтты. Осы кафедра бойынша кәсіби-бағдар беру бойынша жауаптылар кафедра меңгерушісі з.ғ.к., доцент Қ.Р.Сарықұлов., з.ғ.к., аға оқытушы А.О.Бейсембаева., аға тәлімгер Б.Мелдебековтер болды.