«Ерлікке тағзым»

   

      Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің ОПҚ және студенттері Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма ұйымдастыруымен өткен «Ерлікке тағзым» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесуге белсенді қатысты. 

      Аталған тәрбиелік іс-шараның негізгі мақсаты: Іс-шара барысында кездесуге келген қонақтар студент жастарымызға  соғыстың қаншалықты сұрапыл, мейірімсіз, қатыгез болатындығын және соғыстың артынан қалатын қаншама сансыз ауыртпалықтарды студент жастарға барынша түсіндіруге тырысты. Сонымен қатар ардагерлер жастарға ең басты негізгі тілектерін, әрі аманаттарын тапсырды. Олар жастарды үздіксіз білім алуға, бойларында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, еліме, отаныма деген азаматтық сүйіспеншілігін дұрыс қалыптастыруға және ең бастысы өз ұлтының патриоты болуына шақырды.