Факультетінің мақтан тұтар тұлғалары

     16.02.2018ж. күні, сағат 14.00–15.00 аралығында М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Бас ғимаратының №144 «Сот залында» "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің ұйымдастыруымен М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың үлгі тұтар ұлағатты ұстаздары, "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің мақтан тұтар тұлғалары Джумадилов Бақыт Джорабекович, Бекбосынов Ермек Төленұлы және Акшатаева Жанна Байбекқызын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Марапат иелері:

 Оңтүстік Қазақстан облыстық «Qurmet-AB» Қоғамдық бірлестігі (мемлекеттік тіркеу номері 31474-1958-ҚБ 22.07.2013ж.)

Мәтіні: Оңтүстік Қазақстан облыстық педагогикалық университетінің 80 жылдығына орай, ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы жолында аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі жемісті еңбегі және білім беру жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін,

"Заңтану және халықаралық қатынастар" факультеті деканының орынбасары, «Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасының аға оқытушысы Джумадилов Бақыт Джорабекович

«Qurmet-AB» Қоғамдық бірлестігінің «Халық құрметі» медалімен марапатталады.

    Мәтіні: Оңтүстік Қазақстан облыстық педагогикалық университетінің 80 жылдығына орай, ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы жолында аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі жемісті еңбегі және білім беру жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін,

"Заңтану және халықаралық қатынастар" факультеті деканының ҒЗЖ бойынша орынбасары, «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының доценті, PhD доктор Бекбосынов Ермек Төленұлы «Qurmet-AB» Қоғамдық бірлестігінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталады.

     Мәтіні: Оңтүстік Қазақстан облыстық педагогикалық университетінің 80 жылдығына орай, ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы жолында аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі жемісті еңбегі және білім беру жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін,

"Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., доцент Акшатаева Жанна Байбековна «Qurmet-AB» Қоғамдық бірлестігінің «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталады.

    Іс-шараның негізгі мақсаты: М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің абыройын асқақтатып, қажымай еңбек етіп жүрген айтулы азаматтарды құттықтау, қошеметке бөлеу болып табылды.