Философия

 

Кафедра меңгерушісі 

Философия ғылымдарының кандидаты, доцент

Сулейменов Тлеугали Амангалиевич

 

 
 
Мекен жайы: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, бас ғимарат, 142 кабинет.
Телефон: 30-02-51
 
 
Жалпы мәлімет
Философия» кафедрасы шырайлы Оңтүстік Қазақстан өңірінің рухани символына айналған Қазақ химия-технологиялық институтының «Философия» кафедрасы мен Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық университетінің «Философия және құқық» кафедрасының бірігуі нәтижесінде 1998 құрылған.
Философия кафедрасының алдында мынадай негізгі міндеттер тұр:
  • қазақ ұлттық мәдениетінің философиялық негіздерін зерттеп, оны көпшілікке түсіндіруі;
  • қазақтың ойлау мәдениетінің әртүрлі формаларын анықтап, оны философиялық методология тұрғысынан зерделеу;
  • әлемдік философия тарихының інжу-маржандарымен таныстыру;
  • студенттердің еркін ойлап, еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
  • сөйлеу мәдениетіне баулу;
  • заман мен қоғам күрделенген сайын философиялық ғылым мен дәстүрдің танымдық және тәрбиелік маңызының арта түсуінің заңдылығын студенттерге жеткізу;
  • жүрдек заманның талаптарына сай толеранттылықты дамыту;
  • сұхбаттық парадигма негізінде кредиттік оқу жүйесін нығайту.
Кафедраның негізгі оқытатын пәндері:
  • Философия
  • Адами даму
  • Логика
  • Этика және эстетика
  • Ғылым тарихы мен философиясы
  • 2002 жылдан бастап кафедра 6N0201 “Философия” мамандығы бойынша магистранттарды дайындауда.

Біздің жетістіктеріміз

Кафедрада аға оқытушылары М.А.Бейсенбаев және Ж.Б Абдуллаеваның жетекшілігімен «Тұнба» философиялық үйірмесі жұмыс істейді. Жыл сайын университетте студенттер арасында философиялық олимпиадалар өткізіледі. Кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына (СҒЗЖ) нәтижелі жетекшілік етуде. Республикалық деңгейде бірнеше студенттеріміздің жұмыстары марапатталды: Халикназаров К., Молдабеков Б., Ешанкулов Б. және тағы басқалары.
Кафедра М.В.Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу қ.), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ.), Г. Сковорода атындағы БМУ (Минск қ.), ҚР БжҒМ философия және саясаттану институты (Алматы қ.) және Өзбекстан Ғылым академиясының философия институттарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде (Ташкент қ.).

Оқытушылардың біліктілігін арттыру жұмыстары Т.Г.Шевченко атындағы КМУ, А.А.Жданов атындағы СПбУ, М.В.Ломоносов атындағы ММУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ташкент мемлекеттік университеттердің негізінде жүзеге асырылады.
28 қаңтар 2011 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз» атты Жолдауында әлеуметтік бағдарламалардың негізгісі – білімді дамыту екенін айтып өтті. Жоғарғы білім жүйесін модернизациялауға көп көңіл бөлгендіктен, біздің кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы осы міндеттерді жүзеге асыруға күш жігерін жұмсауда. ОҚМУ үшін Жолдауда көрсетілген жоғарғы оқу орындарының инновациялық іс-әрекетке көшуі маңызды басымдылық болып табылады, университетіміздің ғылыми-зерттеуші оқу орнына айналғанын көздейміз. Осы себепті 2011-2020 жылдарындағы білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз.

Ғылыми жұмыс

Кафедрада «Қазақ философиясының өзекті мәселелері» тақырыбында мемлекеттік бюджеттік жұмыс жүргізілуде. 2000 жылы кафедра «Ұлы Жібек жолы және көшпелілер мәдениеті: уақыт тізбегіндегі сұхбат» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы

Білім және Ғылым министрлігінің білім берудің мемлекеттік стандарттары мен типтік бағдарламаларға жариялаған байқауларға қатысты.
Доцент Сулейменовтың жетекшілігімен кафедрада ғылыми-методикалық семинар жұмысы атқарылады.