Философия және мәдениеттану

Кафедра меңгерушісі 

Тарих  ғылымдарының кандидаты, доцент

Жумабеков Мадияр Уалиұлы

Мекен жайы: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, бас ғимарат, 138 кабинет.

Телефон: 30-02-51

 

►Профессор-оқытушылар құрамы

 
Жалпы мәлімет

   

«Философия және мәдениеттану» кафедрасының тарихы сонау 1943 жылдан бастауын алады. Сол жылы жаңадан құрылған құрылыс материалдар Чимкент технологиялық институтында қоғамдық пәндер кафедрасы ашылған.

1960 жылы қоғамдық пәндер кафедрасынан «Философия жәнеғылыми коммунизм» кафедрасы бөлініп шығады, ол 1965 жылға дейін қызмет етеді.  1965 жылы «Маркстік-лениндік философия» кафедрасы дербес кафедраға айналады, ал оның бірінші меңгерушісі философиялық ғылымдарының кандидаты доцент Н.Қ.Қалшабеков болды.

1980 жылға дейін   «Маркстік-лениндік философия» кафедрасын философия ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.И. Абласанов басқарды. Оның басқарған жылдарында  В.Н. Шутова, А.Т. Косеубаев, С.К. Даулетияров кандидаттық диссертацияны қорғауларына байланысты кафедра профессорлық-оқытушы құрамының сапасы арта түсті.

Жетпісінші жылдардың аяғында – сексенінші жылдардың басында кафедра ұжымы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-нің (қазіргі таңда Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) философия-экономикалық факультетін бітірген жас түлектері Н.Р. Мұсаева, А.Ш. Мырзабекова, Г.К. Курмангалиева, Б.У. Жасабаева, С.Е. Абдрахимова, Г.К. Есиркепова, Н.Т.Досыбаева, С.Е. Нурмуратов, Н.Н. Иманкулов, Т.А. Сулейменов, С.Б. Елеуп, Ленинградтық мемлекеттік университетінің философия факультетін бітірген  В.А.Иевский жұмысқа орналасқан. Олардың ішінен  Н.Р. Мұсаева,  Н.Н. Иманқұлов, Г.К. Құрмангалиева, А.Ш. Мырзабекова, С. Е. Нұрмұратов, Т.А. Сулейменов, Г.К. Есіркепова кандидаттық диссертацияларын қорғаған.Сол себептен кафедра профессорлық-оқытушы құрамының деңгейі көтерілді және кафедра тек қана бұрыңғы Қазақ химия-технологиялық институты ішінде емес, бүкіл облысқа танымал әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығына айналғаны шындыққа жатады.

1980-1985 жылдары кафедра  менгерушісі болып философиялық ғылымдарының кандидаты К.А. Аманкулов жұмыс істеді. Ол кафедраның дамуына әсер ететін белгілі үлес қосты.

1985-1986 жылдары кафедра меңгерушісі міндеттерін В.А. Иевский атқарды. Сол кезде, жас мамандарды біліктілікті арттыру мақсатымен Кеңес Одағының және Қазақстанның орталық жоғары оқу орындарына жіберу дәстүрі жалғасын тапты.Н.Р. Мұсаева, С.Б. Елеуп, Г.К. Есіркепова С.М. Киров атындағы ҚазМУ-де стажировкадан кейін  мен күндізгі аспирантураны бітірген, С.Е. Нұрмұратов   Абай         атындағы Қазақ педагогикалық институтінің күндізгі  аспирантурасын аяқтаған, Т.А. Сулейменов М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетінің күндізгі аспирантурасын бітірген.

 

1986-1990 жылдары  кафедраға  философия ғылымдарының кандидаты  доцент В.Г. Остапенко басшылық еткенде, кафедраның материалдық-техникалық базасы нығайып, кадрлар құрамы арта түсті.

В.Г. Остапенконың партияның облыстық комитетіне жұмысқа өтуіне байланысты 1990-1991 жылдары кафедра меңгерушісінің міндеттерін атқару   философия ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Р. Мұсаеваға жүктелген.

1992/1993 оқу жылы  философия и саясаттану кафедралары біріктіріліп,  кафедранаға басшылық ету тарих ғылымдарының докторы, профессор А.И. Исмаиловке өтті.

Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі кафедраның әрі қарай дамуына үлкен әсер етті.

Біріншіден жоғары білім беру саласының идеологиялық қыспақтан шығуы кафедра пәндерін оқытудың жаңа жолдарын және әдістерін іздеуге мәжбүрледі.

Екіншіден, «Мәдениеттану» философиялық пәнін оқу үдерісіне еңгізу «Философия және мәдениеттану» кафедрасын 1993/1994 оқу жылының басында ашуға ықпал еткен. Кафедра меңгерушісі міндеттерін атқару философия ғылымдарының кандидаты Т.А. Сулейменовке жүктелген.Ол кафедраны  1997/1998 оқу жылының басына дейін басқарған.

1997 жылдың қыркүйек – қараша айлары кафедраны философия ғылымдарының кандидаты, доцент  Н.Н. Иманқұлов баксқарды.

С марта 1998 года наурыз айында Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті және Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті біріктіріліп М. Әуезов атындағы Оңтүстік мемлекеттік университеті құрылады. Осыған сәйкес екі университетінің гуманитарлық цикл кафедралары қосылып, «Философия және құқық» деп аталды. Оны басқару философия ғылымдарының докторы Н.Р. Мұсаеваға жүктеледі.Олкафедраны 1998 жылдың қарашасынан бастап 2013 жылдың ақпанына дейін басқарып келді. Сол мерзімде кафедра оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарында келесі елеулі жетістіктерге қол жеткізді:

1.Ғылыми дәрежесі бар профессорлық-оқытушы құрамының саны арта түсті:  Н.Р. Мұсаева  докторлық диссертацияны қорғады (1998), ал Н.А. Ибраева (2007), А.Б. Шалдарбекова  (2009)и М.К.Рахимшикова (2010) – кандидаттық диссертацияларын қорғап, тиісті ғылыми дәрежеге ие болды.

2. Кафедраның  профессорлық-оқытушылар құрамыуниверситет бойынша бірінші қатарда болып, оқу үдерісіне кредиттік технологияны еңгізуге өз үлесін қосты. Сол үшін доцент Т.А. Сулейменов Алматы және Астана қалаларында шетел профессорлар тараптарынан  өткізілген тренингтер мен семинарларға қатысты.

3.  2000 жылы  кафедра өзінінң күшімен «Көшпелілер мәдениеті және Ұлы Жібек жолы: уақыттағы сұхбат» тақырыбы бойынша Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияны өткізді. Оған Туркия, Өзбекстан, Қырғызстан  ғалымдары қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

4.  2002-2010жылдары аралығында  кафедра  мектеп оқушылары мен студенттердірухани-адамгершілік тәрбилелеуде С.А. Назарбаеваның «Өзі-өзін тану» жобасын  оқу үдерісіне еңгізу бойынша тәжірибелік алаңшасы болып табылады.

5. Осы арада Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын  «Қазақтар көшпелі өркениетінің философиясы» және «Қазақстандағы құқықтық сананы қалыптастыру» тақырыптарды зерттеуін аяқтаған.

6.  2002 жылдан бастап мемлекеттік лицензия негізінде  кафедрада 6М020100 – Философия мамандығы бойынша магистранттар оқытылады. Осы уақытқа дейін жиырмаға жуық магистрлер шығарылған.

7. 2011 жылдың мамыр айында  доцент Т.А. Сулейменов Астана қаласында өткен «Дарынды ұстаз» Республикалық конкурске қатысып «Гуманитарлық пәндер» номинациясы бойынша 1 орын алып 1 дәрежелі диплом мен ақшалай премиямен марапатталды.

         2013 ақпан айынан бастап  2017 жылдың қыркүйек айына дейін кафедраны  философия ғылымдарының кандидаты, доцент Т.А. Сулейменов басқарды. Осы мерзімде кафедры профессоры, философия ғылымдарының докторы Н.Р. Мұсаева «2016 жылдың үздік профессоры» атағын, ал аға оқытушы философия ғылымдарының кандидаты А.Б. Шалдарбекова «2016 жылдың үздік кураторы» атағын алып кафедра мәртебесін жоғарға көтерді.

          2017/2018 оқу жылының басында «Философия» және «Саясаттану» кафедралары біріктірілді. Жаңа кафедра «Философия және мәдениеттану» кафедрасы деп аталды. Оған тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М.У.Жумабеков жетекшілік етеді. Оның жетекшілігімен кафедра алдында тұрған тапсырмаларды орындауға барлық күшін салады.  Кафедрада 2018 жылдан бастап,6В02210-Философияжәне 6В03120 – Саясаттану бакалавр сонымен қатар 7М03120 – Саясаттану магистраура мамандықтарын дайындайды. 2020ж бастап кафедраның  атауы «Философия және саясаттану» болып өзгертілді

 
Философия кафедрасының алдында мынадай негізгі міндеттер тұр:
  • қазақ ұлттық мәдениетінің философиялық негіздерін зерттеп, оны көпшілікке түсіндіруі;

  • қазақтың ойлау мәдениетінің әртүрлі формаларын анықтап, оны философиялық методология тұрғысынан зерделеу;

  • әлемдік философия тарихының інжу-маржандарымен таныстыру;

  • студенттердің еркін ойлап, еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру;

  • сөйлеу мәдениетіне баулу;

  • заман мен қоғам күрделенген сайын философиялық ғылым мен дәстүрдің танымдық және тәрбиелік маңызының арта түсуінің заңдылығын студенттерге жеткізу;

  • жүрдек заманның талаптарына сай толеранттылықты дамыту;

  • сұхбаттық парадигма негізінде кредиттік оқу жүйесін нығайту.