Халықаралық қатынастар және кеден ісі

   Кафедра меңгерушісі
 
Мамашарипова Гульнар Ануаровна,
 
тарих ғылымдарының кондидаты, доцент

- 1994 - 1999 ж.ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша білім алған.

- 2000-2003 ж.ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аспирантурасында оқыды;

- 2004-2007 ж.ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Тарих» факультетінде оқу ісі жөніндегі декан орынбасары;

- 2009 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесі үшін диссертациясын қорғаған (070015 – Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы).

-2007-2014 ж.ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы;

- 2014-2017 ж.ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Халықаралық қатынастар және саясаттану» кафедрасының доценті;

- 2014 ж. қараша – 2015 ж. ақпанда АҚШ, Вашингтон қаласы, Дж.Вашингтон университетінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

- 2017 ж. ақпан – тамыз аралығында КХР, Далянь қаласы, Далянь шет тілдер университетінде және Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеті аясындағы «Қазақстанды зерттеу орталығында» ғылыми жобамен айналысты.

- 2017 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Халықаралық қатынастар және кеден ісі» кафедрасының меңгерушісі.

Мекен жайы: Шымкент қ, Тәуке хан даңғылы, 5
E-mail: gulnar_19.1977@mail.ru

 

►Профессор-оқытушылар құрамы

Түзету әрекеттерінің жоспары

Жалпы мәлімет

«Халықаралық қатынастар және саясаттану» мен «Конституциялық, кеден және халықаралық құқық» кафедралары  - ғылыми кеңестің шешімі бойынша 2017 жылы 28 тамызда №206жқ бұйрығымен «Халықаралық қатынастар және кеден ісі» кафедрасы болып бекітілді.

Мемлекеттік лицензия Сериясы А№0000042 бойынша 26.04.2004 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің №361 Жарлығы негізінде 5В020200-«Халықаралық қатынастар» мамандығы, Мемлекеттік лицензия Сериясы А№12019073 бойынша 14.11.2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің №361 Жарлығы негізінде 5В030400 «Кеден ісі» мамандығы бойынша мамандар даярланады.

«Халықаралық қатынастар және кеден ісі» кафедрасы 5В020200-«Халықаралық қатынастар» және 5В030400-«Кеден ісі» мамандығы бойынша бакалаврларды даярлап шығарады.

5В020200 «Халықаралық қатынастар» мамандығы студенттерге Азия мен Африка, Еуропа және Америка елдерінің жаңа және бүгінгі таңдағы тарихы саласында қазіргі кездегі халықаралық саясаттың жетекші үрдістерін, дипломатиялық және консулдық қызметтің ұйымдастырылуын, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының кезеңдері мен бағыттарын, көпжақты дипломатияның және ұжымдық дипломатияның қазіргі даму бағыттарын, әлемдік экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайын білу, дипломатиялық этикет және хаттама, тәжірибелік шет тілі саласында білімдер кешенін меңгеруге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда, түлектер нарығында жоғарғы әлемдік стандарттарға сәйкес келетін креативті ойлайтын мамандарға сұраныс артуда. Бұл сала халықаралық қатынастардың жаңа бейнесін анықтайтын қазіргі таңдағы әлемдік саясаттың маңызды аспектілері бойынша сапалы білім алуға мүмкіндік береді.

5В030400 «Кеден ісі» - бұл мамандық кеден ісі саласында кәсіби қызметке дайындалған маман. Оқу барысында студенттер негізгі құқықтық пәндер бойынша терең функционалды дайындықты меңгереді және жаңа заңнаманы игереді және бітіруші келесі дағдыларды білулері керек:

- кеден қызметін ұйымдастыру тәртібін, тауар импорты мен экспортын, валюта операцияларын, кеден баждарын алу және есептеу.

- Қазақстан Республикасының шекара саясатын, әкетуге рұқсат етілген және тыйым салынған тауарлар тізімдерін еркін меңгереді.

- бітіруші қоғамның мемлекеттік құқықтық құрылымын біледі, мемлекеттік басқару, сот жүйесі, прокуратура органдары, адвакатура органдары жүйесінің буындарын және олардың құзіреттері мен өкілеттіктерін айыра біледі.

Еңбек заңнамасын және әлеуметтік қамтамасыз ету сұрақтарын еркін айыра біледі. Әр түрлі дауларды шешу дағдысын меңгереді. Қылмыстық құқықтық заңнама, криминалистикалық техника және тактиканы біледі, қылмыстық және азаматтық заңнаманы қолдану дағдысын меңгереді.

 

Оқытушы-профессорлар құрамы

«Халықаралық қатынастар және кеден ісі» кафедрасында 2 негізгі мамандық бойынша оқытушылар қызмет етеді. Кафедраның оқытушылары ғылыми дәрежеге ие, олардың ішінде «халықаралық қатынастар» және «кеден ісі» мамандықтарының ғылым канидаттары: Камалдинов Р.А., Шабанов Е.И., Таубаева М.Е., Ефимова И.Е., Мамашарипова Г.А. тәжірибелері мен тереңдетілген білімдеріне негізделген дәрістері студенттер үшін өте қызықты. Сонымен қатар, Сарсенбеков Ж.А., Турымшаева А.Т., Батырбекқызы Г., Есіркеп Г.Ж., Мұратова Г.Т., Бердекова Р.М., Тойжанова А.Б., Курбанов И.Ж. сияқты магистрлер мен аға оқытушылар қызмет етеді. Мамандықтарды дайындау мемлекеттік, ресми және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

  

Кафедраның бағыты

Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша кәсіби білікті бітірушілердің деңгейі жергілікті еңбек нарығындағы сұранысты толықтырады. Кафедраның көптеген бітірушілері басқару органдарында және әртүрлі жекеменшік кәсіпорындарында жауапты қызметтерді атқаруда. Кейбір бітірушілер шетелдерге шығып өздерінің жоғарғы білімдерін Батыс Еуропадағы атақты оқу орындарында жалғастыруда. Профессор-оқытушы құрамы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері ретінде Америка, Канада, Франция және Ұлыбританияда білім алуда, студенттер шетелдің ең үздік университеттеріне академиялық ұтқырлықпен семестрлік оқуға аттануда. Біздің бітірушілер М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да, «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де және А. Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің магистратурасында, сондай-ақ өзге де жоғары оқу орындарындағы магистратурада білімдерін жетілдіруде, әр жылдық оқу көрсеткіштері жоғарғы деңгейде, сонымен қатар, кафедра француз тілі орталығымен ынтымақтасады.

Ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстары

«Халықаралық қатынастар және кеден ісі» кафедрасының оқытушы - профессор құрамы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң тақырыптық жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Кафедраның оқытушылары ҚР БҒ саласындағы комитетінің ұсынған журналдарында, нолдік емес импакт-факторлы (Scopus, Thompson Reuters, Elsevier) және РИНЦ журналдарында, сонымен қатар халықаралық конференциялардың жинақтарында мақалалары жарияланып тұрады.

Сонымен қатар, кафедраның оқытушылары студенттермен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Оқытушылардың жетекшілігімен студенттер факультеттің және университетің ұйымдастырылған конференцияларына белсене қатысады. Аймақтық, қалалық, облыстық конференцияларына да қатысып отырады. Кафедраның оқытушылары мен студенттері Қазақстан мен Ресейдің әр түрлі қалаларында өтетін республикалық және халықаралық ғылыми-техникалық және ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысады. Кафедраның оқытушылары дөңгелек столдар, басқа саладағы қызметкерлер кездесулер ұйымдастырып отырады.

Рухани-ұлттық тәрбие ата-бабамыздың салып кеткен сара да дара жолын ұстанып, болашаққа сенімді қадам басуы үшін жас ұрпақ санасына ұлттық үрдістерді сіңіріп, тәрбие жұмыстары тәлімгерлік сағаттарда жүргізіп отырады.

«Терроризм мен экстремизмді алдын алу» тақырыбындағы конференция

     

«Тыныштығын сақтаған – ел үмітін ақтаған» тақырыбындағы дөңгелек үстел

   

Студенттердің іс тәжірибесі

«Халықаралық қатынастар және кеден ісі» мамандықтары бойынша оқу-танысу, өндірістік және  диплом алдындағы іс-тәжірибелер жоспар бойынша өткізіліп отырады. 5В020200-Халықаралық қатынастар мамандығының студенттері Ішкі саясат басқармасы, «Нұр Отан» партиясы  «Жас Отан» жастар қанаты, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы, ОҚО жастар мәселелері жөніндегі басқармасы, ОҚО әкімдігінің әкімшілік-шаруашылық бөлімі, ОҚО «Жастар ресурстық орталығы» КММ, 5В030400-Кеден ісі мамандығының студенттері ОҚО Кірістер департаменті, кеден бекеттері, Абай аудандық соттарында, сонымен қатар. Аталған орындармен кафедра ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған және үш жақты келісім-шарт жасалынған.

   

  

Академиялық ұтқырлық

М.Әуезов атындағы ОҚМУ мамандықтары  сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына  қатысады, білім алушылар қосылған  білім алу үшін  серіктес-жоғары оқу орындарына :  Леобен-Монтана университеті,  Вена  университеті (Австрия);  Анже қ. ауылшаруашылық  жоғары мектебі (Франция); Люксембург университеті (Люксембург), Эсслинген жаратылыстану ғылымдары университеті. Академиялық ұтқырлық бойынша 5В020200 «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері Султанова Диана (2015 ж. қараша айында), Тауасарова Асель (2017 ж. ақпан айында)  Польша мемлекетінің Лодзь қаласындағы Лодзь университетінде 5 ай көлемінде білім алып келді.

     

Бітіруші түлектердің жұмыс істеу аясы

5В020200-«Халықаралық қатынастар» мамандығын бітірушілердің негізгі еңбекке орналасу орындары ҚР Сыртқы істер министрлігі, сыртқы саяси қатынастар саласында жұмыс жасайтын Қазақстан Республикасының әр түрлі мемлекеттік басқарма органдары мен мекемелерінде, әлемдік саясатта, халықаралық ұйымдарда, трансұлттық бірлестіктерде референт, сараптаушы, халықаралық қатынастар саласындағы кеңесші, сыртқы саяси шолушы, мемлекеттік органдар мен мекемелердегі қызметке тиісті шет тілі бойынша аудармашы, Қазақстан Республикасының білім және ғылым беру мекемелерінің қызметшісі бола алады.

5В030400-«Кеден ісі» мамандығын бітірушілердің қызметінің кәсіби саласы: Кеден органдары, мемлекеттік кірістер департаменті, кеден бекеттерінде, кедендік бақылау комитеті мен оның аймақтық бөлімшелері,  экономикалық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен күрес жүргізу бойынша агенттігі, салық қызметі, қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру, қазынашылық, дәрменсіз борышқорлармен жұмыс істеу, қаржы полициясы, ішкі істер, прокуратура, ҰҚК, орталық және жергілікті мемлектетік органдары, уақытша тауарларды сақтау қоймалары, сыртқы экономикалық қарым- қатынас жасайтын мекемелері, білім беру жүйесінде қызмет атқара алады.