I-курс студенттерімен жиналыс

    03.09.2018ж. күні, сағат 12.00-17.00 аралығында М.О.Әуезов атындағы   ОҚМУ-дың бас ғимаратының «Акт залы» №339, 341, №142 «Криминалистік полигон», 148, 156 дәрісханалары және №144 «Сот залы»№340,339 дәрісханасында «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің ОПҚ-ның барлық 100% I-курс студенттерімен жиналысы өтті.

 

     «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Орынтаев Жамбыл Қылуетұлы: «Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласына байланысты баяндама жасады.

 

     Аталған кездесудің негізгі мақсаты: I-ші курс студенттеріне «Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын түсіндіру, әрі насихаттау. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға қабылданған I-ші курс студенттерін кредиттік оқу технологиясының ерекшеліктерімен, тәрбие саласы бойынша жүргізілетін жұмыстармен толық таныстырып студенттердің қоғамдық жұмысқа белсенділігін арттыру, факультет ОПҚ-мен толыққанды таныстыру, Корпоративтік этика кодексімен егжей-тегжейлі таныстыру, топ тәлімгерлерімен таныстыру болып табылды және аталған мақсат жоғары дәрежеде жүзеге асырылды.