Индонезия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Фостер Гултом Шымкент қ. М. Әуезов атындағы ОҚМУ- дегі іс – сапары

2016 жыл сәуір айының 18-ші жұлдызында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне ресми іс-сапармен Қазақстан Республикасындағы Индонезия Республикасының  Төтенше және Өкілетті елшісі Фостер Гултом келді. Іс – сапар барысында Фостер Гултом мырза университет ректорымен Мырхалықов Ж.Ү. кездесті.Кездесу барысында Индонезияның ЖОО - рымен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерді мен болашағы талқыланды. Тараптар ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға өз үлесін қосуға уағдаласты.Басшылықпен кездесуден кейін Қазақстандағы Индонезия Елшілігінің қолдауымен университетте концерттік бағдарлама өтті. Концерттік бағдарлама барысында  Индонезия елінің музыканттары мен бишілері ұлттық аспаптарда ойнап, Индонезия елінің  ұлттық биін орындауда өз шеберліктерін көрсетті. Студенттер мен оқытушылар,әсіресе «Халықаралық қатынастар және саясаттану»кафедрасыныңқұрамыИндонезия Республикасының мәдениеті мен ән шығармашылықтарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.