«Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдары биліктерін бөлудің құқықтық негіздері» атты дөңгелек үстел

   

           27.01.2017ж. күні, сағат 11.45–13.00 аралығында М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Бас ғимаратының №250 «Конференциялық залында» "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 25.01.2017ж. күні Халыққа жасаған Үндеуіне байланысты «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдары биліктерін бөлудің құқықтық негіздері» атты дөңгелек үстел өтті.  

     

            Аталған дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 25.01.2017ж. күні Халыққа жасаған Үндеуіне байланысты ақпараттарды студент жастарға таныстыру, әрі насихаттау және аталған Үндеуге байланысты ой-пікірлерді, ұсыныстарды ортаға салу болып табылды.