ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ЖАҒДАЙЫ, ҮРДІСТЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

     2018 жылы 11 сәуірде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ЖАҒДАЙЫ, ҮРДІСТЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  өткізілді.

  

     Конференцияның ашылуы және пленарлық мәжіліске модератор ретінде з.ғ.к., қауымдастырылған профессор, М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің деканы  Ж.Қ. Орынтаев, т.ғ.д., профессор, М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ректордың аппарат жетекшісі Д.С. Сабырханов, т.ғ.к., доцент, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқу  және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры Қ.С. Байболов, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Б.Ж. Байдуллаев, Professor, Dr., Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің «Әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы  Мехмет Топлу Салихеминұлы және сонымен қатар з.ғ.к., Ph.D, қауымдастырылған профессор, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Қ.Т. Битемиров қатыстып құттықтау сөздерін айтып, құттықтау хаттары мен сыйлықтарын табыстады.  

   Содан кейін университет басшылығы мен конференция қоңақтарының құттықтау сөздерінен кейін ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы, Әлжанова Жазира Салханқызы сөз алып, өз сөзінде конференцияның ашылуымен құттықтап өзінің баяндамасын жасады. Баяндаманы жасай келе баяндамада сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізудің алғы шарттары мен онымен күрес жүргізудің жолдары айтыла келе, бейне фильмдер көрсетілді.

  

     Келесі кезекте Анталия білім университетінің профессоры Professor, Dr., Өмер Өзкан (Стамбул, Түркия) «Сыбайлас жемқорлықтың таралу себептері және оны шешу жолдары» баяндамасында қазіргі таңдағы сыбайлас жемқорлықтың халықаралық сипатын айта келе, сонымен бірге сыбайлас жемқорлықтың таралу себептерін мысалдарымен түсіндірді. Бұл ретте, профессор Өмер Өзкан сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстарын айтып өтті. Баяндама барысында оқытушы профессор құрамы және студенттер тарапынан сұрақтар қойылды.

      Осыдан кейін келесі сөз М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық Университетінің  профессоры, ф.ғ.д., профессор, Н.А. Шермухамедова (Өзбекстан) берілді. Ол өзінің  «Әлеуметтік-мәдени өмірдегі сыбайлас жемқорлықтың іс-әрекеттер жүйесі және олардың жолын кесудің тәсілдері» тақырыбында жасаған баяндамасында «көптеген елдердің осы сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізіп келе жатқандығынын» атап өтті. Сонымен қатар «әлеуметтік мәдени өмірдегі сыбайлас жемқорлықтың іс-әрекеттер жүйесі және олардың жолын кесудің тәсілдері мен бағыттарын» айта келе, кәсіби мамандарды дайындаудың барысында да жастарға сыбайлас жемқорлықпен күресудің жолдарын үйрету, биліктің және коммерциялық құрылымдар арасындағы кең көлемдегі және ешқандай кедергісіз кадр дайындау, қолданыстағы заңнаманың нормаларын еркін түрде түсіндіретін көптеген заңға сәйкес актілердің болуын қадағалау және т.б. мәселелерді қарастырды.

     Конференция бағдарламасының белгіленген кезегіне сәйкес Ташкент Мемлекеттік стоматологиялық институтының профессоры, ф.ғ.д., профессор, Мухамедова З.М. (Өзбекстан) «Медицина аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыпта  баяндама жасады. Бұл ретте, баяндамашы медицина саласындағы сыбайлас жемқорлық туралы баяндай келе, аталмыш саладағы мәселелерді реттеудің негіздері мен тетіктері жайлы тілге тиек етіп, бірқатар ұсыныстар берді.

     Ал енді «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің Президенті Ж.А. Жакупов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда үкіметтік емес ұйымдардың рөлі»  тақырыбындағы баяндамасында «заң бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас  жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық саясаты  және өзге де шаралар ретінде тұжырымдалғанын, сонымен қатар заңда бекітілген ережені басшылыққа ала отырып сыбайлас жемқорлық ұғымын мемлекеттік немесе өзге де жария билік өкілдері қызметкерлерінің  немесе коммерциялық өзге де ұйымдардың өздерінің мәртебелерін  заңсыз пайдалануымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс екенін» атап өтті. Сонымен қатар, баяндамашы Алматы қаласында ұйымдастырылған арнайы мониторинг тобының әлеуметтік, қоғамдық зерттеулері туралы баяндап өтті. Бірқатар тәжірибелік негізі бар ұсыныстарды айтып өтті.

    Қорытынды баяндама ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Заңтану» факультетінің профессоры, з.ғ.к. Г.Т. Айгаринова «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйесіндегі сандық Қазақстан бағдарламасының алатын орны» атты баяндамасында  «кәсіби мемлекетті қалыптастыруда еліміз ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Тарихқа ой жүгіртетін болсақ демократиялық, зайырлы құқықтық мемлекет құру барысында билік тармақтарының жүйегелі жұмыс жасауы мемлекетіміздің кәсіби деңгейін жоғары жүргізе алатынын» атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасында сандық жүйені дамыту сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша үлкен әсері болатындығын айта келе, бірқатар ғылыми негізделген ұсыныстарын тілге тиек етіп ұсынды.

  

      Конференцияның  бағыты төмендегі 6 секция бойынша жұмыс жасады.

  1. Азаматтық заңнама аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;
  2. Заманауи мемлекет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат;
  3. Сыбайлас жемқорлық және қылмыстық заңнаманың өзара байланысы мен тенденциялары;

      4.   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіндегі қылмыстық процесс және криминалистика;

      5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және азаматтық қоғамды қалыптастыру мәселелері: (саяси және әлеуметтік-философиялық аспектілері);

      6. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйесіндегі халықаралық ұйымдардың рөлі мен орны.

     «Қазақстан Республикасы және Орта Азия елдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: жағдайы, үрдістері және даму перспективалары» М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның  жабылуы Бас ғимараттың 250 конференц залында 17-00 де басталып өткізілді. Конференция еңбектері жинағында жалпы саны - 118 мақала жарияланды. Конференцияға қатысушы шетел қонақтары және факультеттің профессор оқытушылары сертификаттармен марапатталды. Секция модераторларының есебі тыңдалды. Конференцияның резолюциясы қабылданды.