Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі туралы не білеміз?

 

       12.04.2017ж. күні "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің ОПҚ және студенттері Шымкент қаласы, Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ «Акт залында» Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Есқараев Бастар Әуелханұлымен «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі туралы не білеміз?» атты тақырыбындағы жастармен өткен кездесуіне белсенді қатысып ат салысты. 

Сөз алғандар:

-  Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Есқараев Бастар Әуелханұлы;

-  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының аға оқытушысы Күздеуова Лаура Сейдалықызы;

-  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының аға оқытушысы Ибраев Жандос Ғабитұлы;

-  Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, белсенді жастар.