Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекет пен азаматтық қоғам дамуының негізгі бастауы

      

      М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдаудағы тиісті басымдықтарды дәріптеу және студенттердің адами капиталын жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының  Конституциясы – мемлекет пен азаматтық қоғам дамуының негізгі бастауы» атты тақырыпта Қазақстан Республикасы Конституциялық құқық пәнінен -27 сәуір күні, университеттің бас ғимаратындағы № 339 аудиторияда  пәндік олимпиада өтті.

     Олимпиаданы факультеттің деканы з.ғ.к., қауымдастырлған профессор Ж.Қ.Орынтаев және «Мемлекет және құқық теориясы» кафедра меңгерушісі Е.К.Нұртазин ашып  берді.

    

     Пәндік Олимпиада 3 турдан тұрады. Олимпиадаға ОҚМУ-нің және басқа ЖОО-ның  студенттері қатысты.

     Бірінші кезеңде командалар сәлемдесумен және өз командалары туралы қысқаша мағлұмат берді.

   Екінші кезеңде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты тақырып аясында студент шығармашылық жұмыс жазады. Шығармашылық жұмыс пікір сайыс ретінде ұйымдастырылды.

    Үшінші кезеңде «Қазақстан Республикасының  Конституциясы – мемлекет пен азаматтық қоғам дамуының негізгі бастауы» атты тақырыбында команда басшысы өз ойын ауызша жеткізіп, өзге елдер Конституциясымен салыстырмалы-құқықтық талдау жасап, осы арқылы жеңімпазға лайық студент білімінің тереңдігі, логикасына баға беріледі.

      

     «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқық» пәнінен студенттерге  70 тест берілді.

     Сайыс соңында Бас жүлдені Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университеті иемденді.

1 – орын: Халықаралық гуманитарлық техникалық университет

2 – орын: «Мирас» университеті

2 – орын: М.Сапарбаев атындағы  Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты

3 – орын: М.Әуезов атындағы ОҚМУ

3 – орын: Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет

3 – орын: Қазақстан Халықтар Достығы университеті

      

     Қатысқан топтар және топ жетекшілері сертификат және алғыс хат, дипломмен марапатталды.