Конституциялық, кеден және халықаралық құқық

 

Кафедра меңгерушісі

Есеналиев Асқат Ералыұлы

Заң ғылымдарының кандидаты

 

 

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5, Бас ғимарат, 146 кабинет
Телефон: 8-7252-30-09-75
E-mail: askat_31.01@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Кафедраның тарихы

«Конституциялық, кеден және халықаралық құқық»» кафедрасы М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің  оқу, оқу - әдістемелік, ғылыми зерттеу және тәрбие  жұмыстарын  МжЖМББС сондай-ақ   М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің тұрақты даму тұжырымдамасына сай оқу - ғылыми  жұмыстарын жүзеге атқаратын бөлім болып табылады. «Конституциялық  және кеден құқығы» кафедрасы ОҚМУ ректорының 2010 жылдың 24-ші тамызындағы №923 өкімімен құрылды. Кафедра жалпы білім берумен қатар «Кеден ісі» мамандығы бойынша кадрлар даярлап шығарады. 2010-2011 оқу жылының қарсаңында «Азаматтық құқық және кеден ісі» кафедрасының құрамынан «Кеден ісі» мамандығы бөлініп, өз алдына «Конституциялық және кеден құқығы» кафедрасы құрылды. Кафедра 2013 жылға дейін мамандар, яғни заңтану және кеден ісі бойынша қызмет атқарды. 2014 жылдың тамыз айынан бастап, кафедра «Конституциялық, кеден және халықаралық құқық» болып қайта құрылып, атауы өзгертілді.
Оқу ісін ұйымдастыру, кәсіби біліктілігі жоғары мамандар таңдау, оның техникалық базасын нығайту, ғылыми ізденіс жұмыстарын жолға қою, көптеген күрделі жұмыстарды шешуде кафедраны әр жылдары қызметіне жетік, білікті ұстаздар басқарды.
Кафедрада 12 профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Оның ішінде з.ғ.к. Есеналиев А.Е., з.ғ.д., профессор Шайбеков К.А., т.ғ.к., құқық доценті Маймақов Ғ.Қ., з.ғ.к. Исмаилов А.А., з.ғ.к. Кусаинова А.О., з.ғ.к. Паридинова А.Е., құқық магистрлері Жарылқапова Г.П., Муратова Г.Т., Бердекова Р.М., Ярылхапова Ш.Ұ., Дулатова Г.С., және Темирбаев Н.К.
Кафедраның профессор-оқытушылары «5В030100 - Заңтану» бакалавр, «6В030100 - Заңтану» магистратура мамандықтарына жалпылама дәрістер жүргізеді және «5В030400 - Кеден ісі» мамандығы бойынша бакалавр мамандарын даярлап шығарады.

Мамандықтың сипаттамасы

«Конституциялық, кеден және халықаралық құқық» кафедрасы күндізгі және сырттай нысандарына бакалавриат және магистратура  бойынша білім алатын болашақ кеден ісі және заңгер мамандарын дайындайды. Кафедра  өзінің болашақ қызметінде Қазақстандық білім  жүйесін басшылыққа ала отырып, ғылыми және ғылыми зерттеу, тәрбие жұмыстарының  жаңашыл қызмет түрінің  негізінде  білім беру  кеңістігіне білікті мамандар дайындау сондай-ақ оған қол жеткізу- бағдарламаның бағыты болып табылады.
Сонымен қатар кафедраның білім және ғылыми жұмыстарының негізі ретінде – нарық заманында білім кеңістігінде  бәсекелестікке сай М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің жаңашыл даму старегиясына үнемі өз үлесін қосып оны үнемі дамытып отыру.    
Кафедра «5В030400 – Кеден ісі» мамандығы бойынша білім алған бакалаврлар мамандар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
- кедендік органдарда, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, оның ішінде құқық қорғау органдарында ұйымдастырушылық-басқарушылық және құқық қорғау қызметі;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, ұйымдастырушылық-басқарушылық, кеңес беру қызметі;
- орта кәсіптік оқу орындарында білім беру және оқытушылық қызметін атқара алады.
Оқу мерзімі –күндізгі бөлімде бакалавриат 5В030100 -«Құқықтану»,  5В030400-«Кеден ісі» 4 жыл. Магистратура ғылыми 6М030100--«Құқықтану» (2-жыл), бейіндік 6М030100-«Құқықтану» (1-жыл) болса, оған қосымша Халықаралық құқық мамандығынан бакалавриат, магистратура, Ph.D.  докторларын дайындауға  жаңашыл бастама жасау үстінде.
Кафедраның  жұмысын   жетістікке жеткізу үшін- келесідей міндеттерді алға қояды.
1. Оқу процесін жаңашыл бастамасын жасау.
2.  Ғылыми-зерттеу жұмысын жаңашыл бастамасын жасау.
3. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жаңашыл бастамасын жасау.

Кафедра жетістіктері

Кафедраның заң ғылымының кандидаттары Исмаилов А.А., Есеналиев А.Е., Паридинова А.Е., дәріс оқу үшін ОҚО прокуратурасы, ІІД мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және де  Нұр Отан демократиялық партиясының бастамасымен Елбасы жолдауын насихаттауға бірнеше рет шақыртылды, сонымен қатар 2011 жылдан бастап, Даму «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен «Самұрық қазына» Ұлттық әлеуметтік қоры, ҚР Ғылым және Білім министрлігінің бастауымен ОҚО кәсіпкерлеріне семинар-тренингтер өткізуде. А.А. Исмаилов ОҚО 13-ауданның әкімдерінен семинар-тренингтерді нәтижелі өткізгені үшін алғыс хаттарды алды.
Кафедраны заң  ғылымдарының кандидаты Есеналиев Асқат Ералыұлы басқарады. Ол, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облысы, Жас алаш газеттерімен, ЖОО ректорларының мақтау грамоталарымен марапатталған. Республикалық заңтану және құқық қорғау органдары мамандығы бойынша әдістемелік кеңестің мүшесі ретінде шешімді ойларымен пікірлерін баяндаған  және де 3 -тен астам оқу құралдарымен 1-монография, 50-ден астам жазған ғылыми мақалалары отандық және шетелдік басылымдарда жарияланған.  2013-2014 жылдары ҚР-ның Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетпен 2-авторлық куәлік берілген. ҚР Зияткерлік меншік құқығы электронды оқу құралы, ҚР Инвестициялық құығы оқу құралы.
Сонымен қатар, құқық доценті Ғ.Қ. Маймақов «2012 жылы Үздік оқытушы» номинациясымен ҚР БжҒМ және  ОҚО әкімінің мақтау қағазымен марапатталып, 2014 жылы А.Байтұрсынов атындағы медальдің иегері болды.

  

Студенттерді оқытуға арналған инновациялық әдістері

Оқу үрдісінде келесі оқытудың инновациялық әдістері қолданылады: кейс, іскерлік ойындар, презентация, эссе, глоссарий, портфолио, бейне-лекция, семинар-зерттеу, практикалық орындау және т.б. Лекциялық және практикалық сабақтарды конференциялар, дөңгелек стөл, студенттердің жеке және топтық жобаларын презентациялау түрінде өткізу іс-жүзінде қолданылады. Сабақтарда мәселелі сұрақтарды қарастыру, инновациялық әдістерді қолдану, студенттердің белсенділігін арттырудың негізі болып табылады.
Мультимедиялық кабинетте бейне-лекция түрінде слайдтарды көрсету мен интерактивтік тақтаны қолдану арқылы пәндер оқытылады.

Кафедраның негізгі мақсаты мен бағыты

Кафедраның негізгі мақсаты мен бағыты – Заңтану және Кеден ісі мамандықтарында оқып жатқан студенттерге конституциялық құқық негіздері мен кеден ісі саласының жүйелі негізгі қағидаларын түсіндіру арқылы, әрбір азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарының маңызын, ерекшелігін ашып көрсету және оны іс жүзінде, өмірде дұрыс қолдана білуге үйрету болып келеді.

Ғылыми - зерттеу жұмысы

Кафедрадағы профессор-оқытушылар құрамы «Біріңғай экономикалық аймақты қалыптастыру талаптарына сай ҚР-ның сыртқы саясат шеңберіндегі қызметін мемлекеттік басқаруының конституциялық құқықтық анализі» атты тақырыпта ғылыми зерттеу жұмысын атқарып келеді.
Кафедраның оқытушылары 400-ге жуық ғылыми мақалаларын әртүрлі деңгейдегі ғылыми теориялық және ғылыми практикалық конференцияларда жариялады, оның құрамындағы 52 мақалалар ҚР ЖАК журналдарында, сондай-ақ Австрия (Вена), Польшада (Краков), Чехия (Прага), Ресей (Санкт-Петербург), Қырғыстан  (Бишкек), Өзбекстан (Ташкент) жарияланды. 30-ға жуық монографиялар, ЖОО оқулықтары, кітаптардың және кітапшалардың,  100-ге дейін ғылыми-публицистикалық мақалалар жарық көрді. Кафедра профессоры з.ғ.д. Шайбеков Кималхан Асамбекович Қазақстан Респубикасының Конституциясына 10-жыл медалымен және мемлекеттік  медалдармен марапаталды. 200-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы. Соның ішінде Қазақстан Республикасында Еңбек құқығының негізін салушы ғалым, 10-жуық ғылым кандидаттарына жетекшілік жасаса, докторлық жетекшілігінде аброймен қорғап жемісті жұмыс  атқарып жатқан ғалым, қоғам қайраткерлері кеденші заң ғылымдарының докторлары Қ. Карбузов, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қ.А. Мами, ҚР Әділет вице министрі Б.Ж.Абдраймов ж.т.б.
Тарих, журналистика, заң, дінтану, саясаттану ғылымдары бойынша кафедраның құқық доценті, Маймақов Ғ.Қ. еңбектері жарияланды: Қазіргі заманғы дінтану негіздері» ҚР БҒМ ұсынған оқулық. Алматы. 2013. 235 бет., «Қазіргі заманғы дінтану негіздері» ҚР БҒМ ұсынған оқулық 2-ші басылым Алматы., 2013. 212 бет., «Қайраткер Асанбай Асқаров». Монография. Алматы, 2014, 124 бет., «ҚР саяси-құқықтық тарихы» ҚР БҒМ мақұлдаған оқу құралы. Алматы 2000, 176 бет., «Қазақстан аумақтық тұтастығының қалыптасуы және Орта Азиядағы  ұлттық-мемлекеттік межелеу» Монография.  Шымкент. 2003. 227 бет., «Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы» Монография. Алматы. 2005. 208 бет., «Елбасы Жолдаулары – еліміздің даму ерекшелігі» Ғылыми-көпшлік басылым. Шымкент, 2009. 272 бет., «Елбасы Жолдаулары: міндеттер мен межелер» Ғылыми-көпшлік басылым. Шымкент, 2011. 283 бет., «ҚР мемлекет және құқық тарихы» ҚР БҒМ ұсынған оқулық. Алматы, 2012. 247 бет.
Кафедраның аға оқытушысы Г.П. Жарылкапова Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің докторантурасын аяқтады. Оның мақалалары Scopus және Thomson компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда   жарияланған. The establishment of specialized environmental court in the republic of Kazakhstan – call of the times; The right to education in the system of constitutional rights and freedoms of man and citizen in modern Kazakhstan; Life Science Journal 2014;11(11s)  Scopus and Thomson 2014; Illegal business: forensic characterization; Humanities and Social Sciences in Europe: Achievements and Perspectives1st International scientific conference 18th December, 2013 Международный конгресс по социальным и гуманитарным наукам). Австрия, Вена , 2013г.
Студенттер оқытушылардың ұйымдстыруымен халықаралық, республикалық және университет деңгейіндегі ғылыми конференцияларға, мәдени және мерекелік іс шараларға қатысып өз үлестерін қосуда. Кафедра студенттердің жан-жақты дамуына үлкен мән береді. Студенттердің ғылыми ойлау қабілеттерін жетілдіру мақсатында кафедрада «Жас Алаш» атты ғылыми-студенттік қоғам қызмет етеді. Қоғам отырыстарында заманауи өзекті экономикалық және құқықтық проблемалар талқыға түседі.

  

Халықаралық байланыс

2012-2013 оқу жылында кафедра тарапынан мына іс-шаралар атқарылды:
Халықаралық байланыстарды дамыту және ынтамақтастықтарды нығайту мақсатында факультет бойынша «Заңтану» мамандығы негізінде 6М030100 магистранттарға дәріс оқу үшін «Ресей Федерация Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей академиясынан» з.ғ.д., профессоры Комаров Сергей Александрович шақырылды.
Кафедраның мына магистрантары 2012 жылы Татыбаев Ильяс, Жаңатаев Сайлау, 2014 жылы Ұлмаханова Дана Ресей халықтар достығы университетіне оқуға жіберілді.
Сонымен қатар, халықаралық қарым-қатынастарды дамыту үшін Польшаға (Краков) з.ғ.к., аға оқытушысы Оразалиева А. жіберілді.

Кафедраның жұмыс істеу қағидалары

-Студент жастардың интеллектуалдық-шығармашылық және азаматтық потенциалын жетілдіру;
-Әлеуметтік-мәдени бағыттарын дамыту;
-Фундаментальдық және ағымдағы зерттеулердің оқу процессімен жүйелі байланысы;
-Университеттің басқа да оқу және ғылыми құрылымдарымен жоспарлы байланысы.

  

Іс тәжірибе туралы мәлімет

Мамандар дайындау сапасын арттыру, әлеуметттік әріптестікті дамыту, оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігі, кәсіпорын жұмысшыларының және оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (ОҚМУ), Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен  біріккен ынтымақтастық туралы келісім шарт жасасты.
«5В030400-Кеден ісі» мамандығы бойынша күндізгі және сыртқы бөлімде оқитын студенттердің өндірістік тәжірибеден Оңтүстік Қазақстан облысытық соты мен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде өтеді.
«5В030400-Кеден ісі» мамандығы бойынша іс тәжрибеден өтетін студенттер үшін:
· Іс тәжрибеден өтуіне арналған әдістемелік нұсқау, әдістемелік нұсқау мемлекеттік стандартқа сай жазылған. Өндірістік тәжірибеден өтуге арналған әдістемелік нұсқау студенттердің өндірістік тәжірибедегі білімін кеңейтіп қана қоймай, оны іс жүзінде терең танып білуге үйретеді.
· Студенттер үшін іс тәжрибе бағдарламасы, мамандыққа сәйкс
· Белгілі ұйыммен жасасқан келісім шарт, бір жағынан ОҚМУ, екінші жағынан ОҚО мемлекеттік кірістер департаменті т.б. іс тәжрибе материалдар жөнінде тоық мәліметті кафедрадан алуға болады
Студенттер өндірістік тәжірибе барысында әдістемелік нұсқауды тиімді пайдалана отырып, көрсетілген әдістемелік нұсқаудың бөлімдеріне сәйкес өндірістік тәжірибенің негізгі мағыналы салаларын нақты меңгеруге және қолдана білуге, күрделі жағдайларды талдауға дағдыланады. Әдістемелік нұсқауда өндірістік тәжірибенің негізгі бағыттары бойынша негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі берілген.