ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Халыққа Жолдауын насихаттап түсіндіруге арналған Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаттарымен кездесу

 

     М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Акт залында» "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің ОПҚ және студенттері Қазақстан Республикасы Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 31.01.2017ж. күні шыққан «Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Халыққа Жолдауын насихаттап түсіндіруге арналған Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаттарымен кездесуге белсенді қатысты. 

      Аталған кездесудің негізгі мақсаты: Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын бұқара халыққа барынша сауатты түсіндіріп насихаттау. Жолдаудың Ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмді алдын алу, қылмыстық жазасын өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру мәселелері және сонымен қатар, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігін көрсетіп отқандығын көпшілікке түсіндіру болып табылды.