"Крим-Экс 2019" Республикалық конкурсы

 

    26.04.2019 жылы Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ Заң факультетінің "Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика" кафедрасының  қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетел елдерінің ЖОО студенттері арасында жыл сайынғы "Крим-Экс 2019" Республикалық конкурсын өткізді. Байқау командалық және жеке есепте өткізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарынан 12 команда қатысты. 

   

     Жарыс 5 кезеңнен тұрды, "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің "5В030100-Құқықтану" мамандығының 4-ші  курс студенттері қатысты. Команда "VERUM 1" деп аталды, команда құрамында 4 қатысушы болды. Бокаева Петимат Сайдаахиятовна, Аян Даир Сұлтанбекұлы, Сәрсенбаев Бектұр Қалаубекұлы және Цой Владимир Викторович. Жетекшісі "Қылмыстық процесс және криминалистика" кафедрасының аға оқытушысы-Байтанова Айнұр Серікқызы. Команда 3-орынға иеленді, сондай-ақ Бокаева Петимат Сайдаахиятовна үшін арнайы «Тапқыр» дипломымен марапатталды.