Қылмыстық процесс және криминалистика

 

Кафедра меңгерушісі 

заң ғылымдарының кандидаты, доцент

Сарықұлов Құрманғали Рахимбердиевич

 

 

1999 жылы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуші үшін диссертациясын қорғаған (12.00.08 – қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық атқару құқығы). 2002 жылы ҚР БҒМ ЖАК шешімімен «доцент» ғылыми атағы берілген.
- 1995-1997 ж.ж. – ҚЖМ МТК өзекті әкімшілік-құқықтық мәселелер әзірлеу бөлімінің ғылыми қызметкері;
- 1997-1999 ж.ж. –ҚР ҰҚК ҚЖМ арнайы кәсіптік дайындық кафедрасының оқытушысы;
- 1999-2000 ж.ж. ҚР ҰҚК ҚЖМ арнайы кәсіптік дайындық кафедрасының аға оқытушысы;
- 2000-2007 ж.ж. ҚР ЭСЖҚКА қаржы полициясы Академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының басшысы;
- 2007-2008 ж.ж. ОҚО бойынша ЭСЖҚКА бөлім басшысы;
- 2008-2009 ж.ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы;
- 2009-2015 ж.ж.М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің деканы
- 2015 жылы «Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасының меңгерушісі.

Мекен жайы: Шымкент қ, Тәуке хан даңғылы, 5
E-mail: kurman_sr@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Профессор-оқытушы құрамы

«Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасыУниверситеттің ғылыми Кеңесінің шешімімен 2015 жылы бекітіліп құрылған.
Кафедраның профессор-оқытушы құрамы: 6  заң  ғылымдарының  кандидаттары,    2 доцент, 8аға   оқытушы,  оның  ішінде  6  құқық магистрлеріненқұралған. Мамандықтарды дайындау мемлекеттік және ресми тілдерде жүргізіледі.      
Кафедраны заң ғылымының кандидаты, доцент Сарықұлов Құрманғали Рахманбердиевич басқарады.

Кафедраның негізгі мақсаты мен бағыты қылмыстық құқық саласы бойынша мамандықта оқып жатқан студенттерге құқықтық сала жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіру арқылы, әрбір азаматтың жеке құқықтары мен бостандықтарын сақтай отырып қылмыстардың алдын алу, оларды тез және толық ашу, қорғау ерекшелігін ашып көрсету, тиісті нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істей білу және оны іс жүзінде, өмірде дұрыс қолдана білуге үйрету болып келеді.
Кафедрадағы профессор-оқытушылар құрамы заң саласы мамандықтары бойынша оқитын студенттерге сабақтар жүргізумен қатар, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жан-жақты айналысады, халықаралық, республикалық және университет деңгейіндегі ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға, мәдени және мерекелік іс-шараларға қатысып өз үлестерін қосуда.
Кафедра профессор-оқытушыларының басты мақсаты -  Қазақстанның құқықтық мемлекет негізінің нығайтуға тек қана білікті маман ретінде өз үлесін қосумен қатар, білікті мамандар даярлау болып табылады.
«Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасы Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің мемлекеттік лицензиясына сәйкес жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді;
Мамандарды даярлау мемлекеттік және ресми тілдерде жүргізіледі; күндізгі және сырттай оқыту түрлері бойынша.
Студенттер оқу процесі кезінде мемлекет және құқық теориясы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы, мемлекет және құқықтың отандық тарихы, шетелдердің мемлекет және құқық тарихы, конституциялық құқық, әкімшілік құқық, қаржы құқығы, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы, криминалистика, экологиялық құқық, жер құқығы, еңбек құқығы, халықаралық құқық, халықаралық жеке құқық, кеден құқығы, шетелдердің конституциялық құқығы, криминология, прокурорлық қадағалау, құқықтық статистика негіздері, кәсіпкерлік құқық, отбасы  құқығы, басқа да құқықтық пәндер, сонымен қатар шет тілі, логика, әлеуметтік – гуманитарлық пәндер және мамандандыру шеңберінде құқықтық білімді жеке сала бойынша тереңдетіп оқудың түрлі курстары.

  

Жұмыс бағыты

Арнайы курс бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, сонымен қатар түрлі пәндер бойынша жұмыс бағдарларына типтік бағдарламалар негізінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу.

  

-Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына, оқу танысу, өндірістік және дипломды іс тәжірибелеріне жетекшілік ету.
-Кафедрадағы пәндердің кешенді әдістемелік қамтамасыз етілуін қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асыру.
-Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми- әдістемелік семинарларына қатысуы.
-Студенттердің тәрбие жұмысы, академиялық оқу топтарындатәлімгерлік жұмыстар жүзеге асырылады.

Оқудың инновациялық технологиясының қолдануы

Қызмет бабындағы сырттай оқу бөлімінде оқитын студенттет үшін ыңғайландырып прометей жүйесі арқылы жүзеге асырылатын қашықтықтан дистанциялық оқыту жүйесі енгізілген. Ол арқылы студенттер жұмыстарынан қол үзбей-ақ дәріс алып, курс соңынан сынақ-емтихан сессияларын тапсыру мүмкіндіктері берілген.
«Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминалистика» кафедрасында оқытылатын арнайы пәндердің спецификалық ерекшеліктеріне байланысты арнайы жабдықталған криминалистикалық кабинет жұмыс жасайды.

  

Қылмыстық сот өндірісі пәндер циклын оқу барысында белсенді түрде ситуациялық талдау, кейс-стадиялар, рөлдік ойындар, сонымен қатар криминалистикалық құралдар мен әдістерін және сот-сараптама қызметін автоматтандыруды қолдануды үйрену үшін «Faces 4.0», “Pharma” бағдарламалық кешендер пайдаланылады.

  

Тәрбиелік жұмыс

Патриотизмді дамыту  Ұлы Отан, ауған соғыстарының ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыру; Отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерді студенттердің бойын сіңіру.
Құқықтық мәдениет  Қазақстан - құқықтық мемлекет. Студенттерді құқықтық тәрбиелеу; ішімдік пен темекі, нашақорлық пен нәсіп құмарлық сияқты жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауға үйрету.
Рухани-ұлттық тәрбие  Ата-бабамыздың салып кеткен сара да дара жолын ұстанып, болашаққа сенімді қадам басуы үшін жас ұрпақ санасына ұлттық үрдістерді сіңіру.
Студенттердің ғылыми-зерттеуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында кафедраның оқытушы құрамының жетекшілігімен әртүрлі өзекті тақырыптарда студенттік конференциялар жылын 2 рет өткізіліп тұрады. Жас ғылыми ізденушілер өздерін толғандырып жүрген мәселелерді кафедраға келіп талқылай алады.

  

Студенттік конференциялардан көріністер

Сонымен қатар, студенттердің өздері оқып жатқан университетінің аумағында тазалықты сақтау мақсатында сенбіліктер ұйымдастырылып, факультет басшыларының жетекшілігімен өткізіледі.Бұл қоғамдық іс-шарада оқытушылар мен студенттер «Заңтану және Халықаралық қатынастар» факультетіне қарасты берілген территорияларды, яғни университетіміздің бас ғимаратының алдынғы аумағын алып жатқан жерлерді толыққанды қоқыстан тазалау және дұрыс қалыпқа келтіру сияқты көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл сенбілік жұмыстары, жалпылама факультет студенттерінің қандай да болмасын қоғамдық жұмыста белсенділігін, рухани-патриоттық бірлігін жоғары деңгейде көрсетті.

Кәсіби бағдар беру жұмысы

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.Кәсіби бағдар беру бойынша кафедрамыздың оқытушылары жергілікті мектептерге барып заң мамандығын таңдау бойынша түсіндірулер жүргізеді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Тәні саудың жаны сау.Мемлекеттің өсіп-өркендеуі үшін тепсе темір үзетін, ақылы мен парасаты ажарына сай азаматтарды тәрбиелеп, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу.

Бітіруші түлектердің жұмыс істеу аясы:

  • Құқық қорғау органдары
  • Сот орындау органы
  • прокуратура
  • нотариат
  • адвокатура
  • кез келген мекемеде заң кеңесшісі ретінде
  • кәсіби қызмет аясы:
  • мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың заңды құқығы мен заңды мүдделерін қорғауын қамтамасыз ету.
  • кәсіби қызмет аясы обьектілері:
  • Құқық қорғау органдары
  • Мемлекеттік басқару аясындағы сот орындау органы
  • Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер
  • адвокатура
  • банктер
  • сақтандыру және аудиторлық компаниялар

Магистратура жұмысы

Факультет бітірушілері өз білімін магистратурада жетілдіруге мүмкіндіктері бар
М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистратурасы 2008 жылы ашылған, бүгінгі күнде университетте 6М030100 – Заңтану мамандық бойынша 105-ға жуық магистрлер даярлап шығарылды.
ОҚМУ-дың магистратурасының білім беру бағдарламалары ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша жүзеге асырылады және магистратура түлектерінің болашақта ғылыми, педагогикалық, басқармалық және сараптамалық қызметпен табысты айналыса алатын тереңдетілген арнайы кәсіби даярлықты қамтамасыз етеді.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың магистратурасында білім алу магистранттардың зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысуымен, олардың ғылым мен практиканың маңызды салаларының жетекші мамандарының басшылығымен жүзеге асырылатын университеттің ғылыми жобаларына қатысуымен ерекшеленеді.

  

Университет магистратураның оқу бағдарламаларын шет елдердегі жетекші ғылым және білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып жүзеге асырады. ОҚМУ-дың магистранттары үшін жыл сайын шет елдерден шақырылған профессорлар дәріс береді, университеттің жанжақты халықаралық байланыстары арқасында ОҚМУ магистранттарының шет елдердің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарында оқуларына және тәжірибеден өтулеріне толық мүмкіндіктері бар.

  

Кафедра халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыс жасайды. Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысына кеңес беру мен дәріс оқу үшін Ресей Федерациясының жазаларды орындау Федералдық қызметінің Ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері з.ғ.д., профессор Горяинов К.К., РФ жазаларды орындау Академиясының профессоры з.ғ.д Ю.А.Кашуба сияқты мамандар шақырылған.

  

Халықаралық ынтамақтастық бойынша Ресей Федерациясының жазаларды орындау Федералдық қызметінің Ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері з.ғ.д., профессор К.К. Горяинов магистранттар мен студенттермен кездесеуінде.

  

Халықаралық ынтамақтастық бойыншажазаларды орындау Академиясының профессоры Ю.А.Кашуба магистранттар мен студенттердің кездесеуі.