Мемлекет және қоғам қайраткері Оразалы Сәбденмен кездесу

   

      20.04.2017ж. күні  "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің ОПҚ және студенттері М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Бас ғимаратының «Акт залында» мемлекет және қоғам қайраткері Оразалы Сәбденмен кездесуге белсенді қатысты.

      Кездесу барысында Оразалы Сабден Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жан-жақты түсіндіріп, көпшілік қауымға талқылап берді.

      Кездесу соңында Оразалы Сабден өзінің авторлығымен шыққан 30-дана кітаптарды кездесуге қатысқан жастарға өзінің қол таңбасымен таратып берді.