Мемлекет және құқық теориясы

 

 Кафедра меңгерушісі:

 Нуртазин Еркинбек Кадырбекович

 Заң ғылымдарының кандидаты

 

 

Мекен-жайы: 486018,  Шымкент каласы, Тауке Хан даңғылы-5, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, бас оқу ғимараты, 167 каб.,«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасы

Телефон: 30-02-51

►Профессор-оқытушылар құрамы

Түзету әрекеттерінің жоспары

Жалпы мәліметтер

         5В011500 – «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша  бітірушілерге  «Құқық және экономика негіздерінің бакалавры»  академиялық дәрежесі беріледі.

       Түлектердің біліктілігі  және қызметтері  Қазақстан Республикасы Еңбек  және халықты әлеуметтік  қорғау  министрлігінің 21.11.2002ж. №273-П бұйрығымен  бектілген  «Жетекшілердің, мамандардың  және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сәйкес анықталады.

      Осы мамандықтағы бакалавр орта мектепте, лицейде, гимназияда, колледжде  және  басқа да  орта арнаулы  оқу орындарында  экономика және құқық негіздерін  оқыта алады,  сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде  (біліктілікті  жоғарылату институттарында, баспаларда ), кеңес беруші  фирмаларда,  оқу орындарында (лаборант, кабинет меңгерушісі, кеңесші, менеджер, т.с.с.), лауазым  атқара алады.

        Кафедраның профессор-оқытушы құрамы: 1-заң  ғылымының  докторы, профессор, 6- заң  ғылымдарының  кандидаттарынан,    11-аға оқытушылардан, оның ішінде -5 құқық магистрі, 1-оқытушылардан құралған.
Мамандықтарды дайындау мемлекеттік және ресми тілдерде жүргізіледі.

       

      Кафедра профессор-оқытушыларының басты мақсаты

      Қазақстанның құқықтық мемлекет негізінің нығайтуға текқана білікті маман ретінде өз үлесін қосумен қатар, білікті мамандар даярлау болып табылады.
      Студенттер оқу үрдісі кезінде мемлекет және құқық теориясы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы, мемлекет және құқықтың отандық тарихы, шетелдердің мемлекет және құқық тарихы, конституциялық құқық, әкімшілік құқық, қаржы құқығы, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы, криминалистика, экологиялық құқық, жер құқығы, еңбек құқығы, халықаралық құқық, халықаралық жеке құқық, кеден құқығы, шетелдердің конституциялық құқығы, криминология, прокурорлық қадағалау, құқықтық статистика негіздері, кәсіпкерлік құқық, отбасы  құқығы, басқада құқықтық пәндер, сонымен қатар шет тілі, логика, әлеуметтік – гуманитарлық пәндер және мамандандыру шеңберінде құқықтық білімді жеке сала бойынша тереңдетіп оқудың түрлі курстарын оқып үйренеді.

    

    Жұмысбағыты

      Арнайы курс бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, сонымен қатар түрлі пәндер бойынша жұмыс бағдарларына типтік бағдарламалар негізінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу.
- Студенттермен тәрбие жұмысы, академиялық топтарда кураторлармен жүзеге асырылады;
- Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына, оқутанысу, өндірістік және дипломалды істәжірибелеріне жетекшілік ету.
-Кафедрадағы пәндердің кешенді әдістемелік қамтамасыз етілуін қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асыру.
- Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми- әдістемелік семинарларына қатысуы.
- Студенттердің тәрбие жұмысы, академиялық оқу топтарында тәлімгерлік жұмыстар жүзеге асырылады.

1. «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының I-курс студенттері X спартакиадаға қатысты     

  

 

"Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің I-курс студенттері М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Денсаулық» бағдарламасы бойынша және Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған 1 курс студенттер арасында факультетаралық 2017-2018 оқу жылындағы XI спартакиадасына белсенді қатысты. 

  

 

 Кәсіби қызметінің типтік міндеттері

Бакалаврлардың  кәсіби  қызметінің типтік  міндеттері оқушыларды тұлға  ретінде  қалыптастыруға және дамытуға деген қоғамның әлеуметтік тапсырыстын орындау; білім саласын отандық және әлемдік стандарттар талаптарына сәйкес арттыру; озық педагогикалық технологияларды меңгеру және оларды тәжірибелік іс -қызметке енгізу болып табылады.

 Кәсіби қызметінің 5В011500 – Құқық және экономика  негіздері мамандығы бойынша  бакалврдың кәсіптік іс әрекеті жалпы орта және кәсіптік білім беру мекемелерінде оқытуға және тәрбие, әдістемелік қызметтерді ұйымдастыруға, құқық және экономика бойынша өзекті мәселелерді зерттеуге, кеңес беру сондай-ақ, білім беру ұйымдарында ұйымдастыру-басқарушылық және үйлестіру іс-әрекеттеріне бағытталады.

 Кәсіби қызметінің мазмұны

- білім беруші (педагогикалық) оқушылардың танымдық және креативті қабілеттерін дамытуға, азаматтық тұғырнамасын, мүдделерін, мінез-құлық түрткілерін қалыптастыруға бағытталған;

- ғылыми зерттеу қызметі педагогика, құқық және экономика саласында зерттеулерді жүргізуден көрінеді;

- кеңес беру қызметі білім беру жүйесін жетілдіру, заң және экономикалық мәселелерді шешу бойынша қызметтер көрсетуді білдіреді;

- ұймдастыру-басқарушылық қызмет оқу орынының іс-әрекетін жобалау және реттеуге жағдай жасайды;

- үйлестіру қызметі ұжымдағы корпоративтілікті, әр түрлі бөлімшелерді

қолайлы жұмысын қамтамасыз етеді.