М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ мұражайымен танысу

  

         18-22.09.2017ж. күндері аралығында, күнделікті сағат 14.00–18.00 аралығында "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің аға тәлімгері Ибраев Жандос Ғабитұлы жетекшілігімен "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің барлық бірінші курс студенттері М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Бас ғимаратында орналасқан «М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ Мұражайында» тәрбиелік экскурсияда болды.  

  

          М.Әуезов атындағы  ОҚМУ-нің мұражайымен танысу барысында ЮМ-17-1к1, ЮМ-17-1к2, ЮМ-17-1к3, ЮМ-17-1к4, ЮМ-17-1к5, ЮМ-17-1к6, ЮМ-17-1к7, ЮМ-17-1к8, ЮМ-17-1к9, ЮМ-17-1к10, ЮМ-17-1т, ЮМ-17-1р1, ЮМ-17-1р2, ЮМ-17-1р3, ЮМ-17-4к, ЮМ-17-3к, ЮМ-17-3р, ЮМ-17-3т, ЮМ-17-2к, ЮМ-17-2р, ЮМ-17-1кс және ЮМ-17-1рс топ студенттері өздеріне М.Әуезов атындағы ОҚМУ туралы көптеген қызықты ақпараттар алды. Студенттерді университетіміздің тыңғылықты бай туар ұлан жылдарды қамтитын ұзақ тарихы қатты қызықтырды. Студенттер осы оқу ордасының табалдырығын аттаған сәттен бастап ақ, сол үлкен тарихтың бір мүшесі болып қалатындықтарын сезініп, Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде оқитындықтарын үлкен абырой, мәртебе тұтты. Сонымен қатар студенттер мұражайдың тарихымен таныстырған экспедитор, мұражай меңгерушісі Абдиханова Алия Жаңғазықызы апайға үлкен алғыстарын білдірді. Өйткені мұражай қызметкерлері студенттерді жылы шыраймен қарсы алып, мұражайдағы экспонаттар мен Университет тарихымен толыққанды таныстырып, мұражай тарихымен танысамын деген өзге де студенттерге Университет мұражайының есігі әрдайым ашық екенін жеткізді.