«Нотариат – Қазақстанда азаматтарды қорғау органы»

    

         13.12.2016ж. күні, сағат 10.30–12.00 аралығында "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының ұйымдастыруымен М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Бас ғимаратының №250 «Конференциялық залында» «Нотариат – Қазақстанда азаматтарды қорғау органы» атты тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.     

         Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы Нотариаттың – Қазақстандағы азаматтарды қорғау органы ретіндегі дамуының алғышарттарын саралап жастардың санасына жеткізу болып табылды.