Студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

  

      08.09.2017ж. күні, сағат 09.30–11.00 аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ Бас ғимаратының №340 дәрісханасында "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің ұйымдастыруымен «Студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» атты тақырыбында факультетіміздің I-курс студенттерімен Құқық қорғау органдары арасында кездесу іс-шарасы өтті.

Кездесудің модераторлығын «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының аға тәлімгері, аға оқытушы Жақсылық Маржан Жақсылыққызы атқарды. 

  

       Университеттен тыс шақырылған және сөз алған қонақтар:

1. Облыс прокуратурасының басқарма прокуроры Жамашов Нұрсұлтан Низамиддинұлы;

2. Шымкент қалалық Ішкі Істер Басқармасының Учаскелік Полиция Инспекторы бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Әбдірова Әдемі Өмірбайқызы;  

       Аталған кездесудің негізгі мақсаты: Студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтың салдары неге апарып соғатындығын және ол үшін қандай жауапкершілік туындайтыны туралы ақпараттандыру және құқық бұзушылықтың жаппай алдын алу мәселелерін студент жастармен талқылап ескерту болып табылды.