Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс

                                          

              19.10.2016ж. күні сағат 14.00–15.00 аралығында М.О.Әуезов атындағы     ОҚМУ-дың "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің ұйымдастыруымен ОПҚ және барлық курс студенттері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс» атты тақырыбында

Студенттерге адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру;

«Жемқорлық» деген не екенін түсіндіру;

Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту;

Дүниетанымдарын кеңейту;

Патриоттық тәрбие қалыптастыру; мақсатында тәрбиелік кездесу іс-шарасы өтті.

                                    

             Іс шараға арнайы шақырылған қонақтар: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің қызметкерлері Жүндібаев Ғабит Өмірәліұлы мен Елеусіз Біржан Шыңғысбекұлы.