Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жолдары

  

       М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 75 жылдық мерейтойына орай «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жолдары» тақырыбында тәрбиелік кездесу іс-шарасы өтті.

      Университеттен тыс шақырылған қонақтар және өздерінің пікірін жоғары деңгейде үлес қосқан баяндамашылар:

     ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің бас маманы Әлжанова Жазира Салханқызы. Нұр Отан партиясы Түркістан облыстық Филиалы саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Мәжінбеков Сәкен Аралбайұлы.