Талапкерге

           Факульет туралы қысқа ақпарат.
      «Заңтану» мамандығы бойынша алғашқы абитуриенттерді 1998 жылы «Педагогика және өнер» факультеті қабылдай бастады. 1998-2001 жылдары арасында факультетті тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Саипов басқарды.

    Сонымен бірге бұл бағыттағы мамандарды философия ғылымдарының докторы, профессор Н.Р. Мусаева басқарған «Философия және құқық» кафедрасы даярлады. Алғашқы түлектер 2002 жылы бітіріп шықты.

    Университет басшылығының ұйымдастырушылық - кадрлық шараларының арқасында «Заңтану» факультеті 2001 жылдан бері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дербес құрамдас бөлімі ретінде жұмыс атқарып келеді. 2001-2002 оқу жылында факультетті тарих ғылымдарының кандидаты, доцент С.Н. Әлібек басқарды.

    2002-2005 жылдар аралығында факультетті заң ғылымдарының кандидаты, доцент Б.А. Бекзатов басқарды. Осы жылдары деканның орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент И.Е. Ефимова, «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының меңгерушісі болған, заң ғылымдарының кандидаты Е.К. Нуртазин басшылық жасап, факультет дамуына қомақты үлес қосты.

    2005-2006 оқу жылында факультет деканы болып экономика ғылымдарының кандидаты, доцент С.Ж. Жакипбеков қызмет атқарды. 2006 жылы  факультет атауы «Заңтану және халықаралық қатынастар» болып өзгертілді.

    2006-2009 жылдар аралығында факультет деканының қызметін заң ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Т. Битемиров атқарды.

    2009-2015 жылдар аралығында факультетті заң ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Р. Сарықұлов басқарды.

    2015-2020  жылдар аралығында факультетті заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ж.Қ. Орынтаев атқарды.

    2020 оқу жылынан бастап факультет деканының қызметін заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қ.Т. Битемиров атқарып келеді.

    2020 жылы  факультеттің «Заңтану және халықаралық қатынастар» деген атауы өзгеріп «Заң» факультеті болып құрылды.

   Факультет құрамында мына кафедралар қызмет көрсетеді:

«Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедра меңгерушісінің м.а., з.ғ.д., профессор  Мицкая Е.В.,

«Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Елікбай М.Ә.,

«Мемлекет және құқық теориясы» кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Нуртазин Е.К.,

«Халықаралық қатынастар және кеден ісі» кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Мамашарипова Г.А.,

«Философия және мәдениеттану» кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Жумабеков М.У.

     Факультет  бакалавриат бағдарламасы негізінде «6В042-Құқық» дайындық бағыты бойынша 6В04210-Құқықтану, 6В04211-Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс, 6В04212-Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, 6В03110-Халықаралық қатынастар, 6В04220-Халықаралық құқық, 6В04230-Кеден ісі, 6В02210-Философия, 6В03120-Саясаттану мамандықтар бойынша білікті мамандар даярлайды.

     Факультет М078-«Құқықтану» мамандығы бойынша «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» ғылыми-педагогикалық бағыты және 7М04215- «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» бейіндік бағыты, 7М04214 - «Қылмыстық процесс және криминалистика» ғылыми-педагогикалық бағыты және 7М04213 - «Қылмыстық процесс және криминалистика»  бейіндік бағыты, 7М04217- «Қылмыстық құқық және криминология» ғылыми-педагогикалық бағыты, 7М04218- «Қылмыстық құқық және криминология» бейіндік бағыты, 7М03120-Саясаттану  мамандықтарының профильдік және ғылыми-педагогикалық бағыттары бойынша магистранттарды оқытады.

     Факультет студенттерінің әскери кафедрада оқуға және академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса отырып шет елдердің жоғарғы оқу орындарында бір семестрді оқып келуге мүмкіндіктері бар.

     Факультетте Қазақстан Республикасының азаматтары мен қатар Өзбекстан, Түркменстан және Ресей азаматтары білім алуда.

   Факультет оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру барысында өзінің қызметінде жаңа басымдықтарына және қағидаларына сүйене отырып, күнделікті тексерілген әдістемелік нұсқаулар тұрғысында жүзеге асырады. Факультетте оқу-әдістемелік бөлімшелері күшейтіліп, кредиттік білім беру жүйесі және сапа менеджмент жүйесі ендірілген.

   Факультеттің материалдық базасы айтарлықтай, мақтанышқа тұратын «Сот мәжілісінің залы» атты пәндік қабинетте қылмыстық және азаматтық іс істер бойынша ойын негізінде сот процесстері өтеді. Бұған қоса Шымкент қаласы аудандық соттарының көшпелі, көрнекті сот мәжілістері өткізіледі. Сондай-ақ, факультетте арнайы жабдықталған криминалистика кабинеті жұмыс істейді. Оның жабдықтары тергеу қарауында, тінтуде, алуда және тергеу эксперименттерде қолданылатын арнайы криминалистік құралдарды тәжірибелік түрде пайдалануға студенттерге үлкен мүмкіндіктерді береді.  

   Факультет бітірушілері өз мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінде, әділет министірлігінде, білім және ғылым министрлігінде, сот және прокуратура органдары, кеден органдары мен басқада құқық қорғау органдарында қызмет етеді.

   «Халықаралық қатынастар» мамандығын бітіргендердің негізгі жұмыс орындары болып Қазақстан Республикасының шетелдер ісі министірлігі, облыстар, аудандар, қалалардың ішкі саясат департаменттері, басқа да мемлекеттік және жеке меншік мекемелері мен ұйымдары болып табылады. Факультеттің кейбір бітірушілері өздерінің білімдерін «Болашақ» бағдарламасы бойынша Қытай, Батыс Европа, Америка, Канада, Ұлыбритания және басқада мемлекеттерде жалғастыруда.

   «Құқықтану» мамандығының магистранттары Халықтар достығы Ресей университетінде (Ресей, Москва қ.) ТМД Желілік университеті Консорциумы шегінде «Халықаралық құқық» мамандандырылуы бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. 

    Өзінің тарихында факультет 2007-2017 жылдар аралығында лецензияға қойылатын талаптарына сәйкестігін дәлелдеп үш мемлекеттік аттестациядан өтті. Қазіргі таңда факультеттің алдында білім беру сапасын көтеру бойынша жаңа міндеттер қойылған. 

           Факультеттің мамандықтары: 
        Факультет мамандарды халықаралық стандартқа сай жоғары білім мекемесі және жоғары білім мекемесінен кейінгі 2-деңгейде дайындайды: бакалавриат-магистратура.

Түлектердің біліктілігі мен қызмет саласы

"ЗАҢ " ФАКУЛЬТЕТІ

Профессор-оқытушылар құрамы

2

Ғылым докторы, профессорлар

44

Ғылым кандидаты, доценттер

3

PhDДокторлары

78

Магистрлер

 

Білім беру бағдарламалары

8

Бакалавриат

4

Магистратура

-

Докторантура

 

Білімалушылардың контингенті

Бакалавриаттар

1648

Магистранттар

53

Докторанттар

-

 

Бакалавриат ББ

Білім беру бағдарламалары

Білім беру бағдарламаларының топтарының атауы

Білім беру бағдарламаларының нөмірі

1-бейіндеуші пән

2-бейіндеуші пән

 

6В042

Құқық

6В04220

 

Халықаралық құқық

 

Дүниежүзі тарихы

Адам.Қоғам.Құқық.

6В04212 

 

«Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу»

6В04211

 

Уголовное право и уголовный процесс

6В04210

 

 Құқықтану

В049

Құқық

6В04230

Кеден ісі

Дүниежүзі тарихы

Адам.Қоғам.Құқық.

В032

Философия және этика

6В02210

«Философия»

Дүниежүзі тарихы

География 

В040

Саясаттанужәнеазаматтану

6В03110

Халықаралыққатынастар

Дүниежүзі тарихы

Шет тілі

 

 

6В03120

Саясаттану

Дүниежүзі тарихы

Шет тілі

 

магистратура ББ

Білім беру бағдарламалары

Білім беру бағдарламаларының топтарының атауы

Білім беру бағдарламаларының нөмірі

Білім беру бағдарламаларының топтарының атауы

7М042

Право

7М04217

«Қылмыстық құқық және криминология»

7М04218

«Қылмыстық құқық бейіндік»

 

7М04213

Қылмыстық-процессуалдық қызмет

7М04214

Қылмыстық-процестік құқық және криминалистика

7М04210

Құқықтану

7М04211

Құқықтану

М063

Политология и конфликтология

7М03120

Саясаттану