Таң Нұры

       19.09.2016ж. күні, сағат 08.20–08.40 аралығында "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің I-курс студенттерінің топ басшыларының төрайымы, ЮМ-16-1к2 тобының студенті, белсенді студентіміз Сейдуллаева Бинура Бигалиқызы «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының «Таң Нұры» атты таңғы бағдарламасында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетіндегі белсенді студенттік өмірі туралы сұхбат берді.

        Сұхбат беру барысында Сейдуллаева Бинура Бигалиқызы «Таң Нұры» бағдарламасының жүргізушілері тарапынан қойылған әр түрлі сұрақтарға жауап берді. Соның ішінен атап өтер болсақ: белсенді студент болу дегеніміз не?, білім ордасындағы студенттік өмірдің қыр-сырлары қандай және т.б. сол сияқты қызықты сұрақтарға жауап берді.