Терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық

  

       21.10.2016ж. күні сағат 12.50–13.50 аралығында М.О.Әуезов атындағы     ОҚМУ-дың "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің «Халықаралық қатынастар және саясаттану» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық» атты тақырыбында студенттерге

терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;

жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;

жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру мақсатында тәрбиелік іс-шара өтті.

     Іс-шара барысында студенттер құрамымен ұйымдастырылған «Терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық» тақырыбында рөлдік қойылымдар көрсетілді.