Тәуелсіз Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы

      

       09.12.2016ж. күні, сағат 09.00–13.00 аралығында "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің  ОПҚ және студенттері М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі «Заң факультетінің» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы» атты тақырыбындағы Оңтүстік аймақтық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясына белсенді қатысты.

           Конференцияның қорытындысы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі «Заң факультетінің» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы» атты тақырыбындағы Оңтүстік аймақтық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясында мазмұнды баяндама жасағаны үшін ЮМ-13-1к5 тобының студенті Алпысбаева Айдана Кеңесбекқызы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін ректоры, п.ғ.д., профессор М.Сарыбековтың қолынан I-дәрежелі Дипломмен марапатталды. III-дәрежелі Дипломмен ЮМ-13-1к3 тобының студенті Бейсеқұл Ақбота Советқызы марапатталды. Сертификатпен ЮМ-13-1к5 тобының студенттері Курбантаева Томирис Уалиханқызы, Ерлан Ардақ Ерғалиқызы және т.б. студенттеріміз марапатталды.

         Осыған орай 12.12.2016ж. күні, сағат 15.00–16.00 аралығында "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің  деканы Орынтаев Жамбыл Қылуетұлы жоғарыдағы конференцияға факультетіміздің атынан қатысқан студенттерді және олардың жетекшілерін қошеметке бөлеп, алғыс хаттар табыстау үшін жиналыс өткізді.