Тәуелсіздік тұғырым

  

 

             09.12.2016ж. күні, сағат 12.00–14.00 аралығында Шымкент қаласы, «Rixox» қонақ үйінің 2-қабатындағы «Қажымұқан» мәжіліс залында "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің ОПҚ және белсенді студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып өткен, «Тәуелсіздік тұғырым» атты ғылыми-практикалық конференцияға белсенді қатысты.  

 

  

           Тәрбиелік іс-шараның негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы, сарабдал саясаткер Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халық алдындағы атқарған ерең еңбектерін ескере отырып, ол кісінің жеке тұлғалық қасиеттерін, кемеңгерлігін, даналығын болашақ жастарға ұғындыра отыра ол кісіні Ұлт Көшбасшысы ретінде мақтаныш тұту болып табылды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Тәуелсіздікке 25 жыл толғанда жеткен жетістіктерімізді жете саралап бағалау және келешегімізге сеніммен қарау үшін қажетті негізгі құндылықтарымызды дамытудың алғышарттарын жастардың санасына жеткізу болып табылды.