Тәуелсіздік және сот билігі

  

         09.12.2016ж. күні, сағат 09.30–13.00 аралығында "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің ОПҚ және белсенді студенттері Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан облысының сотының III-қабатындағы «Мәжіліс залында» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып өткен, «Тәуелсіздік және сот билігі» атты тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияға белсенді қатысты. 

        Ғылыми-практикалық конференцияның I-сессиясында «Жетістікке жетелеген Тәуелсіздік және сот-құқықтық реформалар» тақырыбында Жоғарғы жаңа технология колледжінің директоры, заң ғылымдарының докторы Қ.Досалиев баяндама жасады. Аталған баяндамаға қосымша баяндамашы ретінде М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Исмаилов Атақожа баяндама жасады. 

       

 

            Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып өткен, «Тәуелсіздік және сот билігі» атты тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияның негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы, сарабдал саясаткер Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халық алдындағы атқарған ерең еңбектерін ескере отырып, ол кісінің жеке тұлғалық қасиеттерін, кемеңгерлігін, даналығын болашақ жастарға ұғындыра отыра ол кісіні Ұлт Көшбасшысы ретінде мақтаныш тұту болып табылды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Тәуелсіздікке 25 жыл толғанда Сот саласындағы жеткен жетістіктерімізді жете саралап бағалау және келешегімізге сеніммен қарау үшін қажетті негізгі құндылықтарымызды дамытудың алғышарттарын жастардың санасына жеткізу болып табылды.