«ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ КУБОГЫ»

       2019ж «Жастар жылы» аясында Түркістан облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен 24.04.2019ж өткен «ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ КУБОГЫ» конкурсына «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің атынан «ӘУЕЗОВ ҚЫРАНДАРЫ» тобы қатысып, командалық есепте 2-дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал, жекелей студенттер сайысында «Жеңімпаз студент» анықталып, нәтижесінде топ мүшесі, «Құқықтану» мамандығының 4-курс студенті Сапарбек Бексұлтанға 1-дәрежелі диплом және Түркістан облысы прокуратура органына жұмысқа орналасуға ЖОЛДАМА  табысталды. Топ  қатысушылары және ғылыми жетекшілері з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ж.Қ.Орынтаев пен аға оқытушы, құқық магистрі Г.С.Дулатоваға облыс прокуроры, генерал Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы  арнайы алғыс хаттар  мен дипломдар  табыс етті.