Түркістан облысының саяси-экономикалық, әлеуметтік және білім салаларының өркениетті дамуында алатын орны мен жетістіктері

       2018 жылдың 12 қазан айында «Халықаралық қатынастар және кеден ісі»  кафедрасының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 75 жылдығында орай «Түркістан облысының саяси-экономикалық, әлеуметтік және білім салаларының өркениетті дамуында алатын орны мен жетістіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

     Түркістан облысының саяси-экономикалық, әлеуметтік және білім салаларының өркениетті дамуында алатын орны мен жетістіктері  туралы көптеген мағлұматтар берілді. Әсіресе оқу-ағарту саласындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың осы 75-жылдар ішінде алатын орны орасан. Дөңгелек үстел барысында, студенттер ой-пікірлерін ортаға  сала отырып, орасан жетістіктерді мысалға келтірді. Сонымен қатар, студенттермен оқытушылар арасында сұрақ-жауаптар алмасып, дөңгелек үстел қызықты өтті.