«Ұрпаққа үлгі болған ерлік»

18.02.2019 жылы сағат 10.40-12.40 аралығында ОҚМУ бас ғимаратының № 339 аудиториясында"Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің «Мемлекет және құқық теориясы» кафедраларының ұйымдастыруымен «Ұрпаққа үлгі болған ерлік » атты тақырыбында факультет студенттерімен Ауған соғысы ардагерлері арасында тәрбиелік кездесу іс-шарасы өтті.

Іс-шараның модераторлығын «Мемлекет және құқық теориясы» кафедраларының аға тәлімгері Жаксылык Маржан Жаксылыккызы атқарды. 

Кездесуге шақырылған қонақтар төмендегілер:

1. Ауған соғысы ардагеріДавлетов Юсуп Нышанбаевич

2. Ауған соғысы ардагеріМендигулов Сүндет Усембаевич.

3. Ауған соғысы ардагеріАбдрасилов Даулет Кырықбайұлы

   

Бұл күн – көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар мен өткелегі мол өткенді естелік қылып және оны көңілге кесте қылып тоқу ғана емес, сол кездегі ана сүті аузынан кеппеген түбіт иек бауырларымызды еске алар күн!

Әрине, базбіреулер үшін бұл күн қатардағы күннің бірі ғана шығар, ал біз үшін – тарихи күн! Тағдырлы күн!

Бұл күн – сол кездегі елге ағылған темір табыттардың тоқтаған күні! Бұл күн – жанары жасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қара жамылған аяулы аналарымыздың жалғыз ұлын жоқтаған күні! Бұл күн – бақи болған қаһарман бауырларымызды қатардан іздеген күн! «Интернационализм...» деген саяси науқанның құрбандығына айналып, оған имандай сеніп, бүгінгі күні күл-талқан болған тағдырының өтеуі мен бодауын кімнен сұрарын білмей кемсеңдеумен еріндерін тістелеп, өзегіне өкінішін жасырған күн!

         Бұл күн біздер үшін қайғы болып қатталып, қасірет болып жатталып қалса да тәуелсіз Қазақстанның әрбір күні бейбіт өмірдің бесігінде тербетіліп әрбір үйдің түтінінің түзу шыққанын тілейтін біздер үшін, санамызда қанмен және термен жазылған күн болып қала бермек!

1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс–зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі–Ауған соғысы.Бүгінде Түркістан қаласында 211 ауған соғысы ардагері бар. Оның ішінде 85 – і мүгедек, 11 – і ауған жерінде опат болды. Қазірде білім саласында 13 ауған соғысы ардагері жұмыс істейді. Оның 11 – і мұғалім, 1 электрик, 1 қарауыл.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болса екен.

М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ басшылығы тарапынан шақырылған және сөз алған қонақтар:

М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Аға Тәлімгері, «Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті» жоғары маманы Бейсенов Сембай Дайрабайұлы; 

1. «Мен көрген соғыс» атты бейнебаян үзінді

2. Сұрақ-жауаптар;

3. Қорытынды.

Іс шараның негізгі мақсаты: Студенттердің бойында Еліне деген, Отанына деген азаматтық-патриоттық сезімдерін нығайту, студенттердің Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту.