Үздік түлек - 2017

      М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2017 жылдың маусым айының 28-ші жұлдызы күні cағат 20-00 қаламыздың Әл-Фараби алаңында «ҮЗДІК ТҮЛЕК-2017» салтанатты диплом тапсыру кешін өткізді. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да 86 мамандық бойынша мамандар дайындалады. Биыл осы мамандықтар бойынша 4000-ға жуық студент диплом алады. 580 түлек қызыл дипломмен бітіріп отыр. Оның ішінде күндізгі оқыту бөлімінен 1792 студент мемлекеттік білім беру гранты негізінде, 1194-і ақылы негізде, кешкі оқыту бөлімінде 84 студент ақылы негізде және қашықтықтан оқыту бөлімдері бойынша 20 студент мемлекеттік білім беру гранты негізінде, 904-і ақылы негізде білім алды. Ауылдық квота бойынша 83 студент бітіріп, ауылдық жерге жолдама алды. Ал, оқып жүріп, кәсіпорындармен келісім-шартқа тұрғандар да бар. Мысалы, биылғы «Жас маман -2017» жәрмеңкесіне қатысқандардың ішінде 30 бітіруші осындай келісім-шартқа қол жеткізді. «Казатомпром» 30 маман қабылдайтындықтарын айтып, хат жіберді.
 

  

Жалпы айтқанда оқу орнын бітірушілердің жыл сайын 83-85% жұмысқа орналасады.