«Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа қазақ тіліндегі оқулықтар»

     

      М.Әуезов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  75 жылдығына орай «Философия және мәдениеттану» кафедрасының  және университеттің «Білім беру мен әдістемелік қамтамасыз ету орталығының» бірлесіп ұйымдастыруымен  «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа қазақ тіліндегі оқулықтар» тақырыбында TEDx Talks форматындағы конференция болып өтті. Оған Қазақстан республикасының  14 жоғары оқу орындарының, Шымкент қаласының 3 ЖОО өкілдері қатысты. Конференция «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және  «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа қазақ тіліндегі оқулықтар»  аясында қазақ тіліне аударылған оқулықтарды оқу үрдісіне енгізу мәселелеріне арналды.  Спикерлер ретінде Тасыбаева Шолпан Бакибулдаевна, Шалдарбекова Айша Бақташқызы, Рысбаева Сауле Жақсыбаевна баяндама жасады.