Жаңа жібек жолы жобасының Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік ықпалы

       2018 жылдың қазан айының 26-шы жұлдызында «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті «Халықарлық қатынастар және кеден ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің 75 жылдық мерей тойы қарсаңында «Жаңа жібек жолы жобасының Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік ықпалы» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті.

 

       Ғылыми семинарда кафедра меңгерушісі Г.А. Мамашарипова: ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасындағы білім жүйесінің ерекшеліктері мен озық үлгілерін презентациялау арқылы жүргіп, М.Әуезов атындағы ОҚМУ мен ҚХР-дағы «Дальян» Шет тілдер университетімен білім жүйесі бойынша достық қарым – қатынас орнатып, алтын көпір «Ұлы Жібек жолы» бағдарламасының жалғасы ретінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады. Сонымен қатар, Елбасы Н.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласымен ұштасып ой-санамызды, әсіресе халықаралық қатынастар саласында өзіндік ұшан-теңіз орны бар екенін атап өтті.

«Бір белдеу – бір жол бағдарламасы» ғылыми семинардың күн тәртібіндегі өзекті мәселесінің бірі болды, кафедра профессор-оқытушы құрамы белсен қатысып,  пікір-таластар, ой  алмасу арқылы семинар жоғары дәрежеде өтті.